Қызылорда қаласы, Камалов көшесі №39А мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы педагогі (дефектолог) уақытша бос орнына конкурс жариялайды.
Дефектолог лауазымы бойынша:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Дефектолог лауазымы бойынша бойынша арнаулы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
Басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы Кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;
Ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;
Жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді
Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
Тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының "Білім туралы",
"Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы",
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
Арнайы педагогика;
Оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
Арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
Педагогикалық этиканың нормалары;
Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
Өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 150000 - 180000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесеайелтс IELTS (IELTS) – 6,5балл; немесетойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2024 жылғы 11 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Конкурс 2024 жылғы 18 қыркүйек күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Тел. 8(7242)24-25-71, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..






