"4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ”

4 сынып білім алушыларының жетістіктеріне мониторинг жүргізу және олардың танымдық мүмкіндіктері мен оқу жетістігі деңгейлерін байқау мақсатында 16-17 сәуір аралығында тест жұмысы алынды.Бұл кешенді тестілеу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып,оқу сауаттылығы,математикалық сауаттылық,жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыттары бойынша жүргізілді.

ББЖМ міндеті:

-Оқушылардың танымдық қабілеттері оқу,жазу,айтылым,тыңдалым дағдыларын жетілдіру,математикалық сауаттылық деңгейлерін байқау;


”ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКА-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҒЫН ДАМЫТУ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР

Математика пәнінен 5 “Д” сынып оқушыларына “Пайыз” тақырыбында Ильяс Ақерке Ордабайқызы ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Білім алушылар санның пайызын және пайызы бойынша санды табуға берілген есептермен танысады.

Сабақ барысында сыныптың ахуалын “Жылы лебіз” әдісі арқылы орнатып, “ Киіз үй” әдісі арқылы топқа бірікті.

Оқушылар” Алтын сандық” әдісімен өткен материалдарды пысықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Бейнеролик көрсету арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы ақпарат алды.

Топтық жұмыс Асқар Жұмаділдевтің бейнесімен Жасанды интелект арқылы оқушыларға ұсынылды.

Жұптық жұмыс оқулықтан алынған есеп бойынша жүргізілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін екі оқушымен Socrative платформасымен “ Лабиринт ойыны” әдісі арқылы жұмыс жасалды.

Рефлексия “ Ақиқат немесе жалған “ әдісі арқылы оқушымен байланыс жасалды.

Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында “ Қоржын “ әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алынды. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз

#оқуғақұштармектеп

#ғылымипедагогикалықкітапхана


”ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКА-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҒЫН ДАМЫТУ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР

Пәнаралық байланыс арқылы оқуға құштарлығын арттыру мақсатында өткізілген сабақтар легін химия пәнінің мұғалімі, жас маман Махамбет Гүлзат жүргізді. “Тағамдық өнімдердің құрамындағы қоректік заттар” тақырыбында ашық сабақта түрлі заманауи әдіс-тәлідерді тиімді қолдана білді.

Сабақтың мақсаты: -тағам өнімдері химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар, нәруыздар, майларды білу және анықтай алу.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмысқа-

“Тарсия”

“Төрт бұрыш”

“Филворд”

“Крассворд”.

Жеке жұмыс: жеке жұмыс парағы берілді.

Практикалық жұмыс арқылы білім алушылар тағамдық өнімдердің құрамындағы көмірсу, май және нәруызды анықтады.

Кері байланыс: “Қазақ баласы”

Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз

#оқуғақұштармектеп

#ғылымипедагогикалықкітапхана


”ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКА-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҒЫН ДАМЫТУ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР

8 сәуір күні Дүниетану пәнінен 3 "Е" сынып оқушыларына “Табиғат және менің қауіпсіздігім” тақырыбында Ақмырзаева Айсәуле Қайратқызы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: геологиялық және табиғи климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру.

Сабақ барысында оқушылар "Stopwatch" платформасы арқылы топқа бірігіп, "Пазл" әдісімен өткен материалдарды пысықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Бейнесабақ көрсету арқылы оқушыларға табиғаттағы түрлі қауіп-қатерлер жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар топтық жұмыста "QR-код" платформасы арқылы төтенше жағдайлар кезінде өзін ұстау ережелерін құрастырды.

Жұптық жұмыс барысында "Детектив" әдісімен теңдеу шешу арқылы төтенше жағдай орталықтарының номерлерін анықтады.

Оқушылар "Chat GPT" платформасы арқылы табиғи апаттар жайлы көптеген мәліметтерді білді.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушымен "Quiver" платформасы арқылы жеке жұмыс жасалды.

Сабақ соңында "Карусель" әдісімен кері байланыс жасалып, сабақ қорытындыланды.

Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз

#оқуғақұштармектеп

#ғылымипедагогикалықкітапхана


”ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКА-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҒЫН ДАМЫТУ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР

4 сәуір күні Жаратылыстану пәні арқылы оқушылардың ғылымды түсінуін және қоршаған ортаны қорғау, бағалай білу бірліктерін дарыту және зерттеу,ойлау,коммуникативтік дағдылардың негіздерін қалыптастыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Мендиярова Айнур жаратылыстану пәнінен “Жер ғаламшары қандай?”тақырыбында тәжірибе алмасу сабағы өтті.

Сабақ барысында:

Топқа "Space" платформасы арқылы бөліп "Stopwatch" әдісі арқылы өткен сабақты пысықтады.

"Ғаламшар" әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндірді. Топтық жұмыс арқылы мұхиттар мен материктерді ажырату дағдыларын қалыптастырды.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушымен "Quiver" сайты арқылы жеке жұмыс жасады. "Парашют" әдісімен кері байланыс.

Сабақ барысында пайдаланылған заманауи платформалар оқушылардың танымдық қабілеттері ашып,ғылыммен айналысуларына ықпал етуіне сеніміміз мол!

Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз

#оқуғақұштармектеп

#ғылымипедагогикалықкітапхана


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп-лицейінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті мектеп басшысы А.Нажмадинқызы ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. ІІІ оқу тоқсанындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, оқушылардың білім сапасы, үйден оқытылатын оқушыларға білім бағдарламасының орындалуы/Г. Полуванова

2. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары. «Алтын белгіге» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларды бақылау. Қорытынды аттестаттау туралы/ Г. Полуванова

3. 9-11 сынып журналдарын тексеретін комиссия. Аттестат, куәлік толтыратын комиссия құрамын бекіту/Г. Полуванова

4. Республикалық пәндік олимпиаданың, ғылыми жоба конкурсының қалалық, облыстық кезеңінің қорытындысы туралы/Н.Махамбетәлі

5. Жалпыға міндетті оқу қорының есебінен ыстық тамақтың сапалы берілуін қамтамасыз ету/ А.Қыстаубаев

6. Жасөспірімдердің психикалық саулығын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы/ А.Жалғауова

7. Ағымдағы мәселелер;

Кеңес барысында әрбір мәселе жан-жақты талқыланып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар енгізілді. Мектеп басшысы атқарылған жұмыстарға баға беріп,саралап жаңа тоқсанда нәтижелі еңбек етуді тапсырды.


ЫҚШАМ САБАҚ БАЙҚАУЫ

ЖАС МАМАН-ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ!

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №8 орта мектебі базасында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Абайдың табиғат лирикасымен жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы Ықшам сабақ байқауы өтті. Аталмыш бпйқауға мектебіміздің жас ұстазы Жағыпар Гүлдана қатысып, І орын иеленді. Жас болса да ізденістен таймаған,білімін шыңдай білген әріптесіміздің алар асулары мен бағындырар биіктері көп болғай


"ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ" КІШІ МЕКТЕБІ 
"ЦИФРЛЫҚ ҰСТАЗ-ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК”ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
ОЛҚЫЛЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС
 
Білім алушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалана отырып, біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында 1-10 сыныптар арасында олқылықпен жұмыс жасалды.
 
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Үлгерімі төмен білім алушыларға цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қосымша сабақтар ұйымдастыру
Күрделі және ауқымды тақырыптарды түсіндіру арқылы біліміндегі олқылықтарды толықтыру.
Оқу процесінде қиындық тудырған күрделі және ауқымды тақырыптар оқу бағдарламасына сәйкес меңгерілді.
Келесі оқу тоқсанында оқушылардың білім деңгейі көтеріліп, зор ынтамен оқу жылының қорытындысын жақсы нәтижелермен аяқтайды деп сенеміз!

«ПЕД СТАРТ-КӘСІБИ БАҒДАР» КІШІ МЕКТЕБІ 
«БІЛІКТІ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
 
«Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында химия пәнінен «Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары» атты 8 сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері Бодықова Әлия мен Есіркепова Салтанаттың ұйымдастыруымен тәжірибелер алаңы болып өтті.
 
Тәжірибелер алаңының мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Зерттеушілік дағдысын қалыптастыру,ізденуге үйрету;
 
Тәжірибелер алаңының
 
І кезеңі: «Сұрақ-жауап айдары». Тәжірибе алаңына қатысушы көрермендер химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп,белсенділік танытты.
 
ІІ кезең: «Кім жылдам» кезеңінде оқушылар зертханада қолданылатын құрал-жабдықтардың атқаратын қызметін анықтай отырып тапсырманы жылдам орындады.
 
ІІІ кезең: «Қызықты тәжірибелер» алаңы.
 
1 тәжірибе - «Хамелеон»
2 тәжірибе – «Көңілді шар»
3 тәжірибе – «Табиғи индикатор»
4 тәжірибе – «Жанартаудың атқылауы»
5 тәжірибе - «Катализатор қатысында сутек газының бөлінуі»
6 тәжірибе – «Йод арқылы крахмал анықтау»
7 тәжірибе – «Виртуалды зертхана»
Іс-шараның негізгі кезеңінде химик оқушылар қызықты тәжірибелерді көрсетіп, зерттеушілік қабілеттерін арттырып, білімдерін шыңдады.

“ЦИФРЛЫ-ҰСТАЗ”КІШІ МЕКТЕБІ 
”ОЛҚЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
”СӘТТІЛІККЕ ҚАДАМ-ҚАДАММЕН”
 
28 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Абжаппарова Ақшолпанның ұйымдастыруымен
3-сынып оқушыларының арасында «Сәттілікке қадам-қадаммен» тақырыбында балалардың ойлау қабілетін дамыту сайысы өтті.
 
Мақсаты:
қабілеті төмен оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру;
Олардың білім деңгейін көтеру және өзіне деген сенімділігін нығайту;
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Ойын түріндегі сайыс арқылы оқуға деген ынтасын арттыру;
Бірлескен жұмыс арқылы достық қарым-қатынасты күшейту;
 
Нәтиже:
Оқушылардың пәндерге қызығушылығы артты
Өздеріне деген сенімділігі күшейді
Оқу үлгерімі жақсарды
Бірлескен жұмыс арқылы достық қарым-қатынасы қалыптасты
Білім беру жүйесінің қарқынды дамуы-озық ойлы білім алушылар қатарын көбейтіп келе жатқаны мәлім. Осы орайда кәсіби ұстаз ретінде әрбір оқушыға іздену мен талпынуды талап ету жұмысының жемісі биік боларын естен шығармаған абзал. Ұрпағымыз ұлықты болсын!!!

"ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ" КІШІ МЕКТЕБІ 
"БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
 
12 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімі Абишева Айдананың ұйымдастыруымен 1- сынып оқушыларының арасында "Білімділер бәйгесі" атты интеллектуалды сайысы өткізілді.
 
Мақсаты:
Оқушылардың белсенділігін арттыру;
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың шапшаң ойлау және шығармашылық қабілетін арттыру;
Бірлескен топтық іс - әрекеттері арқылы достық қарым-қатынасты нығайту.
 
Нәтиже:
Оқушылардың белсенділігі артты.
Топтаса жұмыс орындау арқылы достық қарым-қатынасты нығайта білді.
Барлық тапсырмаларды орындауда шапшаң ойлау қабілеті арта түсті .
"Киіз үй" әдісі арқылы оқушылар "Тапқырлар", "Алғырлар", "Білімділер" болыа топтарға бірікті.
 
Сайыс кезеңдері:
1- кезең: "Кім жылдам?" ."Алтын сақа" әдісі арқылы әр топқа 4 сұрақтан қойылды.
2-кезең: "Жұмбақ жарыс" .Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ өлеңдер қойылды. Оқушылар шапшаң есептей отырып ,жауабын тапты.
3- кезең: "Құрастырмалы пішін" .Бұл кезеңде әр топқа конверт таратылды. Конвертте әр түрлі геометриялық пішіндер бар. Пішіндерді қолдана отырып, аппликация жасады .
4- кезең: "Орнын тап" . Бұл кезеңде "Шолпы" әдісі қолданылды. Орны ауысқан әріптер арқылы сөздерді дұрыс құрастырды.
5- кезең: "Айырмашылығын тап".
 
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Дарынды балаларға зор алғыс айта отырып, шығармашылықтары шыңдала берсін деп ыстық -ықыласымызды білдіреміз!

«ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ» КІШІ МЕКТЕБІ 
«БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН”ЖОБАСЫ”
Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп-лицейінде 4-сынып оқушыларымен Сұлтанбек Әлия Сланбекқызы «Бала ойы-шексіз әлем: қарапайым тапсырмалардың маңызы» тақырыбында дарынды оқушылармен зияткерлік сайысын өткізді.
 
Мақсаты:
оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, қабілеті бар, шығармашыл, дарынды оқушыларды шыңдау;
Оқушылар «Қар қиыршығы» арқылы «Зерек», «Дарын» топтарына бөлінді.
 
Сайыс кезеңдері:
1-кезең Таныстыру.
Екі топ топ аттарын, ұрандарын таныстырды.
2-кезең «Сиқырлы кітапхана» пәндер бойынша әр топқа 10 сұрақтан берілді.
3-кезең. «Мақал-сөздің мәйегі» әр топқа 5 суретті мақал-мәтелдерді табу.
4-кезең Топтық жұмыс. «Мектеп», «Спорт» сөздеріне постер қорғау.
5-кезең «Топ басшы-көшбасшы» топ басшылары 1 минутта сұраққа жауап беру шапшаңдығы.
 
Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан. Дарынды оқушыларға зор алғыс білдіре отырып, әлі де талай биік асуларды бағындыруларына тілек білдіреміз!

“ЦИФРЛЫ-ҰСТАЗ”КІШІ МЕКТЕБІ 
 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК
 МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
 
3-4 наурыз күндері «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Цифрлы ұстаз-цифрлық құзыреттілік» жобасы аясында 2-10 сыныптар аралығында негізгі пәндерден алынған мектепішілік бақылау (жазба жұмыстарының қорытындысы) директор жанындағы кеңесте талқыланды.
 
Мақсаты:
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың толықтыру – оқу сапасын арттыру.
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою
Цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану
 
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша жұмыс, әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі. Мектепішілік бақылау жұмысы қараша, желтоқсан, қаңтар айларында назарға алынып, үшінші рет өткізілген жұмыс өз нәтижесін беріп келеді.
Білімдегі олқылықтарды жүйелі және жоспарлы түрде анықтау бағыты түрлі іс-шаралар арқылы жүргізіліп келеді. Осы орайда әр айдың орта шенінде сынама жұмыстары алынып, директор жанындағы кеңесте қаралып, талқыланып отырды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар «Нысанаға» алынып, мектеп әкімшілігі сабақ беретін мұғалімдермен директор жанындағы кеңесте қаралып талқыланды. Әр мұғалім атқарылған жұмыстар мен олқылықтарды жою жоспарлары туралы есеп берді.
Наурыз айындағы оқушылармен жүргізілетін мектепішілік бақылау және халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстар iTest – тренажер арқылы білімді тексеру тест сынамасы өткізіледі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кезде де күрделі маңызды. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда!
«Оқусыз-білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.

«GREEN WORLD» КІШІ МЕКТЕБІ 
«ЗИЯТКЕР-ҒЫЛЫМИ БАҒДАР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Мектебімізде 3-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Тапсырмалар оқушылардың білім деңгейін ескере отырып жасалынды.
Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, білімін біріктіру іскерлігі және оны ерекше тапсырмаларды шешу үшін жетілдіру;
3 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын 3 «А» Алматова Аруна
ІІ орын 3 «В» Алиакбар Айым
ІІІ орын 3 «Е» Мизамбек Кәусар
Математика пәні бойынша:
І орын 3 «А» Ауезхан Аиша
ІІ орын 3 «Б» Қыдырәлі Адина
ІІ орын 3 «В» Махамбет Жәния
ІІ орын 3 «Г» Көлбай Рауан
ІІІ орын 3 «Ә» Тұрлыбек Рауан
4 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын 4 «Ә» Бауыржанқызы Нұрбина
ІІ орын 4 «Б» Камал Арайлым
ІІІ орын 4 «Е» Тастыбай Назерке
Математика пәні бойынша:
І орын 4 «А» Трар Алишер
І орын 4 «Ә» Базарбай Айару
ІІ орын 4 «Б» Тұрлыбек Расул
ІІІ орын 4 «В» Оразалы Сабыр
ІІІ орын 4 «Д» Ермұрат Нұрқанат
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақ жарыстарда да биіктерді бағындыра беріңіздер.

“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ”КІШІ МЕКТЕБІ 
”ОҚЫ,ОЙЛАН,ТАЛДА”ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
”КӨКСЕРЕК” ПОВЕСІ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
 
Қоғам қайраткері,жазушы, ағартушы М.Әуезовтің тырнақ алды туындысы “Көксерек”повесі желісі бойынша 7 сынып оқушыларының қатысуымен танымдық сабақ өткізілді.
 
Мақсаты:
-оқушыларға шығарманы меңгерте отырып, әңгіме мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын ашу,
-кейіпкер бейнесіне талдау жасау.
-Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеу.
 
Сабақ барысында кітапханашы Н.Сапабекова мен А.Шыңғысхан түрлі әдіс-тәсілдермен оқушыларға шығарма желісіндегі кейіпкерлер бейнесін саралауды, шығарманы мазмұндауды, оқиғаға көзқарастарын білдіруге дағдыландырды. Сонымер қатар тақырып аясында бейнематериалдар назарға ұсынылып, оқушылар қызықты ақпараттармен құлақтанды. Танымдық сабақ тардың жалғасын тауып, оқушылардың жазушылар шығармаларына қызығушылығы артады деген сеніммен ұсыныстар да айтылды.

”ПЕД СТАРТ-КӘСІБИ БАҒДАР” КІШІ МЕКТЕБІ 
«БІЛІКТІ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯ-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Білім мен біліктілікті ұштастыру негізінде «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері бастауыш сынып мұғалімі Жағыпар Гүлдана өз педагогикалық идеясын 4 «Е» сынып оқушыларын қатыстыра отырып, жас педагогтармен бөлісті.
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың көріп есте сақтау, естіп есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Ойната отырып оқыту арқылы дүниетанымын байыту;
Білім алушылардың сөздік қорын молайтып, мәтін мазмұнын болжауға ықпал ету, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Ізденіс бар жерде жеңіске жету-заңдылық. Жас талабын кәсіби білімімен жалғаған әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!

«ПЕД СТАРТ-КӘСІБИ БАҒДАР» КІШІ МЕКТЕБІ

«БІЛІКТІ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

«Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында химия пәнінен «Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары» атты 8 сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері Бодықова Әлия мен Есіркепова Салтанаттың ұйымдастыруымен тәжірибелер алаңы болып өтті.

Тәжірибелер алаңының мақсаты:

Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Зерттеушілік дағдысын қалыптастыру,ізденуге үйрету;

Тәжірибелер алаңының

І кезеңі:«Сұрақ-жауап айдары». Тәжірибе алаңына қатысушы көрермендер химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп,белсенділік танытты.

ІІ кезең: «Кім жылдам» кезеңінде оқушылар зертханада қолданылатын құрал-жабдықтардың атқаратын қызметін анықтай отырып тапсырманы жылдам орындады.

ІІІ кезең: «Қызықты тәжірибелер» алаңы.

1 тәжірибе - «Хамелеон»

2 тәжірибе – «Көңілді шар»

3 тәжірибе – «Табиғи индикатор»

4 тәжірибе – «Жанартаудың атқылауы»

5 тәжірибе - «Катализатор қатысында сутек газының бөлінуі»

6 тәжірибе – «Йод арқылы крахмал анықтау»

7 тәжірибе – «Виртуалды зертхана»

Іс-шараның негізгі кезеңінде химик оқушылар қызықты тәжірибелерді көрсетіп, зерттеушілік қабілеттерін арттырып, білімдерін шыңдады.


«GREEN WORLD» КІШІ МЕКТЕБІ

«ЗИЯТКЕР-ҒЫЛЫМИ БАҒДАР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, академик, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Өзбергенова Ғазиза және Мырзаметова Күнсұлу.

Қ.Бітібаева атындағы мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына төмендегі оқушылар қатысты:

9-сынып оқушылары

1. 9А Жексенбай Жұлдыз

2. 9А Махантай Ақмарал

3. 9Ә Маратқызы Аяжан

4. 9Ә Кадирбаева Раушан

5. 9Б Қатай Нұрдаулет

6. 9Б Сабырбек Дильназ

7. 9Б Камал Сымбат

8. 9В Ринатқызы Айша

9. 9Г Амангелді Жансель

10. 9Г Бүркітбай Бақдәулет

11. 9Д Балтабай Ербол

12. 9Д Барыс Ұлан

13. 9Е Али Айзере

14. 9Е Ғалымжанқызы Айсая

10-сынып оқушылары

1. 10Ә Алмахан Сандуғаш

2. 10Ә Қанибай Ашура

3. 10Ә Төлеш Дильназ

4. 10Б Русланқызы Жанерке

11-сынып оқушылары

1. 11А Жомарт Шұғыла

2. 11Ә Мырзабекова Інжу

3. 11Ә Абибулла Салтанат

Олимпиада басталмас бұрын ұйымдастырушы мұғалімдер видео және слайдтар арқылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырылым жасады.

Олимпиада 2 айналымда өткізілді:

1 айналым-өмірі мен шығармашылығынан текст жұмысы.

2 айналым эссе жазады.

Нәтижесінде қазылар алқасы төмендегі оқушыларға жүлделі орындарды тағайындады.

1-орын – 11 «Ә» Мырзабекова Інжу

2-орын – 11 «Ә» Абибулла Салтанат

2-орын – 10 «Ә» Алмахан Сандуғаш

3-орын – 9 «Б» Сабырбек Дильназ

3-орын - 9 «В» Ринатқызы Айша

Оқушыларымызға шығармашылық табыстар тілейміз


«ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ» КІШІ МЕКТЕБІ

”БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН” ЖОБАСЫ

30 қаңтар күні «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Білім көрсеткіші- интеллектуалды ойын» жобасы аясында 7-9 сыныптар аралығындағы дарынды балалармен «IQ BATTLE»- интеллектуалдық сайыс болып өтті.

Интеллектуалды ойынның мақсаты:

дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, лицей оқушыларының табиғи қабілеттерін танып,біліп дамыту, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы шығармашылыққа баулу;

шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

Интеллектуалды ойынды мектеп-лицейдің физика,математика, информатика пән мұғалімдері ұйымдастырды. Ойын барысында оқушылар заман талабына сай-бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене алатындарымен ерекшеленді.


«ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ» КІШІ МЕКТЕБІ

“БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН” ЖОБАСЫ

29 қаңтар күні «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Білім көрсеткіші-интеллектуалды ойын» жобасы аясында 8 сынып оқушылары арасында білім сапасын көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында «Логика және қозғалыс» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Гүлжан мен физика пәнінің мұғалімі Қарашаева Сауленің жүргізуімен интеллектуалды ойын болып өтті.

Интеллектуалды ойынның мақсаты:

Оқушылардың физика және математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ тапсырмаларын орындау,дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

«Логикаңыз қалай?», «PISA биігіне қадам», «Тәжірибе айдыны» «Залдағы зияткерлер» тақырыбындағы ойында оқушылар белсенділік танытып,физика мен математиканың сиқыры мен таңғажайыптарына тәнті болды. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ тапсырмалары да орындалды.


”ПЕД СТАРТ-КӘСІБИ БАҒДАР” КІШІ МЕКТЕБІ

”КӘСІБИ БАҒДАР-МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

23 қаңтар күні 11 сыныптар арасында "Мамандық таңдау-маңызды мәселе" атты тренинг болып өтті. Тренингті білікті ұстазымыз Қалиева Нұрбану жүргізді.

Шараның мақсаты: тұлғалық даму тәсілдерін таба білу,өмірге бейімделу,тез оңтайлы дұрыс шешімдер шығара білу әдеттерін қалыптастыру. Шара барысында білім алушылар мамандық таңдау барысындағы қателіктер мен адам бойынан табылуы тиіс адами қасиеттерді пікірталастыра отырып және өздеріне жүктелген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай білді. Кері байланыс алу сәтінде мектеп бітірушілер алдағы мемлекеттік сынақтар кезіндегі бойларындағы қорқыныш пен үрейден біршама арылғандарын алға тартып,керемет мотивация алғандарын тілге тиек етті.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Ы.Алтынсарин атындағы 10мектеп-лицейінде кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. ІІ тоқсанының оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы;

2. 11 сынып оқушыларының мемлекеттік аттестаттауға дайындық барысы/ Г.Полуванова

Педагог қызметкерлердің аттестатциялық комиссиясының қорытындысы және аттестатциядан өтетін мұғалімдердің тізімін бекіту/ А.Тілеуова

Әлеуметтік тұрмысы төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының қажетті оқу құралдарымен және киіммен қамтамасыз етілуі/ А.Асқарова

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар есебі/ К.Сәндібекқызы

ІI оқу тоқсаны бойынша атқарылған тәрбие саласының жұмыс есебі/ Г.Сералиева

Ағымдағы мәселелер;

Отырыс барысында мектеп басшысы А.Нажмадинқызы өзекті мәселелерді басты назарда ұстауды, білім сапасын көтеру үшін атқарылатын жұмыстарды күйшейтуді,ағымдағы мәселелерді талқылап, ІІІ оқу тоқсанына сәттілік тіледі.


ОЛҚЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Білім алушылардың Қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін “Олқылықпен жұмыс” жасалынып, мұғалім мен оқушы арасында байланыс орнатылды.

Жұмыстың негізгі мақсаты:

Оқушылардың білім сапасын көтеру,білімдегі кемшіліктердің алдын-алу;

Оқу процесінде қиындық тудырған тақырыптар талқыланып,тапсырмалар орындалды. Көпшілікпен меңгерілуі қажет бағдарламаларды жеке орындау арқылы түсінік қалыптасып,теория мен практика ұштастырылды.

Оқу тоқсанын үздіктер қатарынан аяқтауға оқушыларға серпін беріліп,жұмысты өз бетінше орындауға ден қойылды.


«Білікті ұстаз-білімді шәкірт» сабақтастығы қай уақытта болмасын өзінің сипатын жоймай келеді. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған уақытта білім беру саласы да жаңашылдыққа бет бұрыс жасай отырып оқу жылы басынан бері « Цифрлық ұстаз» жобасын жүргізіп келеді. Жоба бойынша жыл көлемінде атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, уақытымен орындалуда. 8-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану бағыты: алгебра, геометрия, химия,физика,биология , Қазақстан тарихы пәндерінен цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, қашықтықтан білім берілуде. Кеңес беру сабақтарының мақсаты білім алушыларға қиындық тудыратын күрделі және ауқымды тақырыптарды меңгеруде және қорытынды аттестаттауға дайындалуда көмек көрсету. Желтоқсан айындағы кеңес беру сабақтарын педагог-зерттеуші тәжірибесі бар кеңесші физика пәнінің мұғалімі Камалова Гүлзада,биология пәнінің мұғалімі Әбілова Бағила, математика пәнінің мұғалімі Досмағанбетова Гүлсара, химия пәнінің мұғалімі Бодықова Әлия өткізді. Кеңес беру сабақтары білім алушыларға оқу үлгірімінің көтерілуіне ықпалын тигізіп қана қоймай, білімге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.


Білім беру жүйесі уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Ғылым мен білім ұштаса отырып жаңа технологиялардың да қолданысқа енуі қарқынды жұмыс нәтижелерінің жандануына ықпал жасауда. Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп-лицейде “Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту тақырыбында форсайт-сессия өткізілді. Сессияның мақсаты: білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, экология пәнін жалпы пәндермен кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын игеру, қоршаған ортаның маңызы мен адам өміріндегі ролін айқындау. Форсайт-сессияда “Биогум” жобасының жетекшісі Бағила Базарбайқызы ғылыми-зертханалық тәжірибе алаңында орталықтың тәжірибесімен таныстырды.

Семинардың мақсатын айқын көрсететін сәт білім алушылардың ғылыми жобаларының жемісті жетістіктерін назарға ұсынуымен жалғасын тапты. “КЕЙС-STUDY бөлімінде “Табиғат ресурстарын қалай пайдаланамыз?” тақырыбында "Жаһандық құзіреттер" курсынан, “Су ресурстарының экологиялық мәселелері” тақырыбында кіріктірілген сабақтар көрсетілді. ІІІ бөлім қорытындылау кезеңінде “Білім мен ғылымның заманауи даму тенденциялары” тақырыбында форсайт-сессия ұйымдастырылып мұғалімдер тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, кері байланыс жүргізілді.


”Пед старт - кәсіби бағдар” кіші мектебі
”Білікті ұстаз - табысты мектеп” жобасы аясында
Әдіс - тәсілдер шеруі
27 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдері Сартаева Айгүл мен Есмаханова Гүлшаттың ұйымдастыруымен "Бастауыш білім беру жүйесінде қолданылатын белсенді әдіс - тәсілдер шеруі" тақырыбында байқау болып өтті. 
Мақсаты:
бастауыш сынып мұғалімдерінің креативті оқыту әдіс - тәсілдерімен бөлісу, педагогикалық шеберлікті шыңдау, оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда нәтижеге бағытталған тиімді әдістерді талдау. 
Байқау барысында мұғалімдер белсенді оқу ортасын тиімді ұйымдастыру мақсатында пайдаланып жүрген заманауи платформалар мен әдіс - тәсілдерді жоғары деңгейде көрсете алды. 
Байқау соңында қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталды: 
Ауезова Мөлдір - "Ізденімпаз ұстаз" 
Мендиярова Айнұр - "Жаңашыл ұстаз" 
Абишева Айдана - "Шығармашыл ұстаз" 
Мусаева Жазира - "Іскер ұстаз" 
Маратқызы Ұлбала - "Шабытты ұстаз" 
Жағыпар Гүлдана - "Креативті ұстаз"
Мырзахмет Аружан - "Еңбекқор ұстаз" 
Алдағы уақытта әріптестерімізге шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!


Ата - аналар назарына!!! 
Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицей 2025 жылдың 1 сәуір - 31 тамыз аралығында 1 сыныпқа құжаттар қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар тізбесі:
Ата - анасының немесе заңды өкілінің өтініші (электронды цифрлық қолтаңба болу міндетті)
Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі
Баланың денсаулық жағдайы туралы кітапшасының 25 - 26 - 30 беттерінің өтуі
Анықтамалары (052/2 - у; 065 - у)
Баланың 3х4 суреті (2 дана)
ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба)
Тәжірибелі ұстаздар - сапалы білім негізінің қалаушысы. 
Біз сіздерді білім ошағында асыға күтеміз!


“Цифрлы - ұстаз” кіші мектебі 
Цифрлық құзіреттілік
Мектепішілік бақылау жұмысы
3 - 4 наурыз күндері «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Цифрлы ұстаз - цифрлық құзыреттілік» жобасы аясында 2 - 10 сыныптар аралығында негізгі пәндерден алынған мектепішілік бақылау (жазба жұмыстарының қорытындысы) директор жанындағы кеңесте талқыланды. 
Мақсаты:
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың толықтыру - оқу сапасын арттыру.
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою
Цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша жұмыс, әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі. Мектепішілік бақылау жұмысы қараша, желтоқсан, қаңтар айларында назарға алынып, үшінші рет өткізілген жұмыс өз нәтижесін беріп келеді. 
Білімдегі олқылықтарды жүйелі және жоспарлы түрде анықтау бағыты түрлі іс - шаралар арқылы жүргізіліп келеді. Осы орайда әр айдың орта шенінде сынама жұмыстары алынып, директор жанындағы кеңесте қаралып, талқыланып отырды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар «Нысанаға» алынып, мектеп әкімшілігі сабақ беретін мұғалімдермен директор жанындағы кеңесте қаралып талқыланды. Әр мұғалім атқарылған жұмыстар мен олқылықтарды жою жоспарлары туралы есеп берді. 
Наурыз айындағы оқушылармен жүргізілетін мектепішілік бақылау және халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстар iTest - тренажер арқылы білімді тексеру тест сынамасы өткізіледі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кезде де күрделі маңызды. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда!
«Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.