ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2025

Бүгінгі шеруде мектебімізде 2024-2025 оқу жылының, қорытындысы бойынша Республикалық, Облыстық,

Қалалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда үздік нәтиже керсеткен ұстаздарымызбен білім алушылар қызыл кілеммен жүріп, қошеметке бөленді.

Бүгінгі жыл үздіктерінің қатарында мектебіміздің жас таланттарын білім белестерін бағындыруға себеп болған білікті ұстаздарымызғада арналды.

“Үздік пән мұғалімі-2025” номинациясымен биология пән мұғалімі Абилова Бағила Базарбайқызы

“Үздік сынып жетекші-2025” номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Шонтақбаева Гүлназ Сабырқызы

“Үздік сынып жетекші-2025” номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Караманова Айнаш Талыповна

“Үздік сынып жетекші-2025” номинациясымен математика пәнінің мұғалімі Арыстанова Гүлшат Әлібекқызы

“Үздік бірлестік-2025” номинациясымен биология, химия, география пән бірлестігі марапатталды.

Салтанатты шарада жеңімпаз жандардың құрметіне әсем ән шырқалып, сыйлықтар табысталды. Көтеріңкі көңіл күйде естелік суретке түсіп, жылды қорытындылады.

Құрметті әріптестер бұл жұлдызды шеру алдағы оқу жылына жігерлендіретініне сеніміміз мол. Шәкірт шамын бірге жағайық.

МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!


“GREEN WORLD” КІШІ МЕКТЕБІ

“GREEN ROOM” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін мектебімізде UNIVERSITY OF READING (ҰЛЫБРИТАНИЯ)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (ҚАЗАҚСТАН)

Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей (ҚАЗАҚСТАН) «ЭКОЛГИЯЛЫҚ БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта өткізілді.

БӨЛІМ

1.1 Асқаров Сырым Құрманғазыұлы - Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) басшысы.

1.2 Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызы-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры

1.3 Dr. Sarah Marston-Рединг университетінің Білім беру институтының директоры (онлайн)

1.4 Dr. Jo Anna Reed Johnson – Рединг университетінің доценті, тұрақты даму саласындағы бағдарлама жетекшісі (онлайн)

1.5 Бекетова Қамар Назарбекқызы – Қорқыт Ата птындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

1.6 Абдраманова Қызжібек Сатыбалдықызы - «ӨРЛЕУ» БАҰ орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры

1.7 Абилова Бағила Базарбайқызы – Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп- лицейдің биология пән мұғалімі, жоба жетекшісі.

Жоба туралы өз пікірлерін конференцияға қатысушыларға баяндады. Шараға қала, аудан мектептерінің ұстаздары, Қорқыт Ата университетінің магистранттары өте белсенді қатысты.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БӨЛІМІНДЕ мектебіміздің ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастығын арттыру мақсатында бірнеше әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Соларға қысқаша шолу жасалды.

2.1 «Табиғат жанашырлары». Мультхикая жобасы. ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ТАРАЛЫМ

2.2 «Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу». ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ. (Ата-ана, оқушы челленджі, экологиялық тәрбиені насихаттау, эко сананы қалыптастыру)

Конференцияны қорытындылай келе бірнеше ұсыныстар қабылданды.

1. Халықаралық деңгейде “ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ. КЛИМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ” жөнінде бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап, барлық деңгейдегі мектеп мұғалімдеріне халықаралық деңгейдегі біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру.

2. ⁠Бүгінгі конференцияға қатысқан “Өрлеу” БАҰ орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қызжібек Сатыбалдықызының ұсынысымен курстарды Ұлыбритания мемлекетінің “Рединг” университетімен бірлесе отырып жасауды ұсынды.

3. ⁠Конференцияда өз тәжірибелерімен бөліскен Ұлыбритания мемлекетінің профессорлары Dr Sarah Marston және Dr JoAnna Reed Johnson берген ғылыми жаңалықтары орта білім беру мекемелерінде кеңінен таратылып, оқу-білім бағдарламаларына енгізілсін деген ұсыныстар айтылды.

Барша халықаралық конференцияға қатысушы әріптестерге алғысымыз шексіз!


«GREEN WORLD» КІШІ МЕКТЕБІ

«GREEN ROOM» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

«КЛИМАТТЫҚ ОҚЫТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН СЕРІКТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ» ҮШ ЖАҚТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ҮШ ЖАҚТЫ РЕЗОЛЮЦИЯҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қорқыт Ата Қызылорда университетінде 2025 жылы өткізілген «Климаттық оқыту» жобасы аясында үш жақты дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қабылданған РЕЗОЛЮЦИЯ

Біз, Қорқыт ата Қызылорда университеті, Рединг университеті және Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей өкілдері:

1. Климаттық оқытудың барлық деңгейдегі білім беру мекеиелерінде маңыздылығын мойындай отырып, оның мазмұнын жетілдіруге және кеңінен енгізуге ниет білдіреміз.

2. Үш жақты лицензиялық келісімді іске асыру аясында бірлескен оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді және енгізуді қолдаймыз.

3. Климаттық өзгерістерге қарсы оқушылардың, студенттердің және мұғалімдердің санасын арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер және жобалық жұмыстар ұйымдастыруды ұсынамыз.

4. Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы «мектеп-университет» ынтымақтастығын нығайту үшін климаттық білім бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді міндеттейміз

5. Климаттық білімді дамытудың нәтижелерін тарату үшін бірлескен ғылыми мақалалар, баяндамалар әзірлеуді құптаймыз.

6. Әрбір қатысушы ұйым өз тарапынан тиісті инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге міндеттенеді.

7. Климаттық оқытуды дамыту барысын жыл сайын талқылап отыру үшін бірлескен мониторинг жүйесін енгізу ұсынылады.

8. Бағдарлама аясында эко-дизайн және климат эксперті бойынша практикум өткізу.

9. Ағаш отырғызудың тиімді әдісі -шар тәрізді тұқымды шашу арқылы, халықаралық экологиялық паркты жүзеге асыру.

10. Жоба аясында мектеп мұғалімдеріне халықаралық деңгейдегі ғылыми жоба, авторлық бағдарлама, оқу әдістемелік нұсқаулық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Біз осы Резолюцияны бекіте отырып, жаһандық климаттық мәселелерді шешуде білім беру арқылы өз үлесімізді қосуға дайын екендігімізді білдіреміз.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Дарын білім беру орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында ҰБТ форматы бойынша өткізілген “ДАРЫН” олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп 10 “Ә” сынып оқушысы Алмахан Сандуғаш І орын иеленді.

Білімді шәкірттеріміз көп болсын


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛГЕН ВОЛОНТЕР ҰСТАЗ!

Ыбырай Алтынсарин атындағы N 10 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Айдана ұстаздықпен қатар қайырымды игі істермен айналысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үнемі жарыстарға қатыстырып, қолдау көрсетіп жүреді.

Осы игі бастаманы көтере жүріп,қоғам белсендісі болған ұстазға Қызылорда облыстық "Волонтерлар фронт-офис" амбассадоры Омарова Рауан Базарбайқызы Қазақстан Республикасының "Ұлттық волонтерлік желісі" ЗТБ атқарушы директоры Миронюк.Т.А марапатымен марапаттады.

Ұлағат жолындағы ізгілік бастауын жандандырған әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!!! Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

@kzo_front_office

@qamqor_0129


ЫҚШАМ САБАҚ БАЙҚАУЫ

ЖАС МАМАН- ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ!

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №8 орта мектебі базасында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Абайдың табиғат лирикасымен жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы Ықшам сабақ байқауы өтті. Аталмыш бпйқауға мектебіміздің жас ұстазы Жағыпар Гүлдана қатысып,

І орын иеленді. Жас болса да ізденістен таймаған,білімін шыңдай білген әріптесіміздің алар асулары мен бағындырар биіктері көп болғай!


“БІЛІКТІ ҰСТАЗ-ЖАҢАШЫЛ БАҒДАР”

28 наурыз күні Ақмола облысының Қосшы қаласында ҚР оқу ағарту министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының ұйымдастыруымен "Цифрлық технологиялар мен инновациялар: білім беру жүйесінің жаңа дәуірі” тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

"Заманауи мұғалімнің көшбасшылық қабілеттері" атты семинарда мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Абилова Бағила Базарбайқызы тәжірибе алмасу мақсатында баяндама оқып,өзінің кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте аңғартты.

Ұстаздық ұлы жолда білімі мен біліктілігін ұштастыра білген, заманауи болмыс қалыптастырып,шәкірт жүрегінде орын алған әріптесімізге толағай табыс пен шалқар шығармышылық тілей отырып,қызметті абыройлы болсын дейміз!!!


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ

24 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейіндегі «GREEN WORID» кіші мектебінің «GREEN ROOM» халықаралық жобасы аясында ENGLAND мемлекетінің «UNIVERSITY OF READING» университеті және “ҚОРҚЫТ-АТА”атындағы Қызылорда университетімен «CLIMATE AMBASSADOR» және «GREEN ROOM»халықаралық жобасының келісімі жасалды. Келісімнің мақсаты:

Биология пәнін оқытуда креативті идеялар арқылы оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін арттыру.

Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыстарды тиімді ұйымдастыру.

Мектеп асханасындағы тамақ қалдықтары мен мектеп ауласындағы күзгі жапырақ қалдықтарын пайдалана отырып, органикалық тыңайтқышқа бай биогумсты өндіру.

Жоба аясында оқушыларға кәсіпкерлік және бизнес бастау жолдарын меңгерту.

«CLIMATE AMBASSADOR» және «GREEN ROOM» халықаралық жобасы аясында білім алушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру.

Жоба аясында қала мектептерінің жаратылыстану пәндерімен тәжірибе алмасу, форумдар мен практикум курстарын өткізу;

«CLIMATE AMBASSADOR»бағдарламасының жетекшісі Джо Анна Рид Джонсон ханым және мектебіміздің білікті, тәжірибелі ұстазы Абилова Бағила Базарбайқызы өзара тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ жұмыс жасауға келісімге келді. Мектеп – лицей директоры Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы екі жобаның жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне халықаралық деңгейдегі ғылыми жоба, авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік нұсқаулық көмек құралдарын шығаруға көптеген мүмкіншіліктер туғызатындығын атап өтіп, ғылыми-зерттеу тәжірибелік алаңы жұмыстарының жандануы сәттілік тіледі


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ 10 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ “GREEN WORLD” КІШІ МЕКТЕПТІҢ “GREEN ROOM” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АНГЛИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ “READING” УНИВЕРСИТЕТІМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ . ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ.


ОЛИМПИАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық “Дарын” ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде ЖҮЛДЕГЕР оқушыларымыз марапат төрінен көрінді.

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Білім нәрімен сусындатып, тәрбие-тәлім берген ұстаздардың еңбегі ақталып, шәкірттеріміздің жұлдызы жарқыраған күн болды.

Шәкірттерімізге жаңа серпіліс пен толағай жетістіктер тілейміз


БІЛІКТІ ҰСТАЗ- МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

"Педагогикалық идеялар панорамасы- 2024" республикалық байқауында әріптесіміз Абилова Бағила Базарбайқызы үздіктер қатарынан бой көрсетіп жүлделі ІІ орын иеленді.

Білікті ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы ЮНЕСКО халықаралық ұлттық ұйымының қолдауына ие болып ІІ орын марапатын иемденді.

Облыстық кезеңнен үздіктер қатарында көш бастап, республикалық кезеңде де оң марапатты қанжығалап, әріптестерге үлгі бола білді.

Бағила Базарбайқызына шығармашылық табыс тілей отырып, бағындырар белестеріңіз көп болсын дейміз!


Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» және «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары

Жалпы білім беретін пәндер бойынша “Дарын” және “Зерде” республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша облыстық кезеңінен үздіктер қатарынан біздің шәкірттеріміз ойып тұрып орын алды.

Жалпы қатысқаны: 12

Жетістік саны: 6 (50%)

Жетістіктер сапында:

Биология бағытында ІІ орын

10 сынып оқушысы

Сайлауова Гүлжаухар

Жетекшісі: Абилова Бағила;

Физика бағытында ІІ орын

7 сынып оқушысы

Жорабекқызы Айару

Жетекшісі: Полуванова Гүлшара

Этномәдениеттану бағыты ІІІ орын 9 сынып оқушысы Дәуренбек Алшын

Жетекшісі: Ибраев Айсұлтан;

Қазақ тілі бойынша

“Алғыс хат”

9 сынып оқушысы

Сабырбек Дильназ

Жетекшісі: Оспанова Нұргүл;

Математика бағыты бойынша

“Алғыс хат”

11 сынып оқушысы

Жаханша Ерасыл

Жетекшісі: Досмаганбетова Гулсара

Химия, Биология бағыты бойынша

”Алғыс хат”

6 сынып оқушылары

Алтынбай Аруна

Әлихан Шәкизат

Жетекшісі: Әбдіғали Әсел иемденді. Білім көкжиегіне ұмтылған білімпаз шәкірттерімізді марапаттарымен құттықтай отырып,алар асулары мен бағындырар биігі көп болсын деп тілейміз!


7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары

2024-2025 оқу жылындағы

7-8 сыныптарға арналған республикалық пәндік олимпиаданың ҚАЛАЛЫҚ кезеңі мектебіміз үшін табысты аяқталды.

Қатысқан оқушы саны - 20

Жүлде саны - 14 (70%)

ІІ ОРЫН - 4

1. Жақсылық Аянат, қазақ тілі, 7сынып. Пән мұғалімі Озбергенова Газиза;

2. Амангелді Сая, орыс тілі, 8сынып. Пән мұғалімі Ибашева Эльмира;

3. ⁠Тайранбек Ақмарал, химия, 8сынып. Пән мұғалімі Бодықова Әлия;

4. ⁠Балтабаева Кәусар, химия, 7сынып. Пән мұғалімі Есіркепова Салтанат;

ІІІ ОРЫН - 10

1. Жұмабек Нұрмұхаммед, ағылшын тілі, 8сынып. Пән мұғалімі Қуатбаева Айгерім;

2. ⁠Ғалымжанқызы Айжан, математика, 8сынып. Пән мұғалімі Сілтеу Мәдина;

3. ⁠Қыдырәлі Раяна, информатика, 7сынып. Пән мұғалімі Серікбаева Әсел;

4. ⁠Жақсыбай Алдияр, информатика, 8сынып. Пән мұғалімі Сағындықова Жансұлу;

5. ⁠Әбдібай Назерке, география, 7сынып. Пән мұғалімі Үргенішбаева Гүлмира;

6. ⁠Жанболатұлы Рақымжан, география, 8сынып. Пән мұғалімі Кребаева Меруерт;

7. ⁠Абдрасул Ақбота, физика, 8сынып. Пән мұғалімі Полуванова Гүлшара;

8. ⁠Рүстем Аружан, физика, 7сынып. Пән мұғалімі Камалова Гүлзада;

9. ⁠Азаматұлы Жанділда, биология, 7сынып. Пән мұғалімі Маханова Ләззат;

10. ⁠Жұмағұлова Тоғжан, биология, 8сынып. Пән мұғалімі Баймағанбетова Алтынай.

ХБГ бірлестігі - 6

ФМ бірлестігі - 3

Ағылшын бірлестігі - 1

Информатика бірлестігі - 2

Қазақ тілі бірлестігі - 1

Орыс тілі бірлестігі -1

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖҮЛДЕЛІ СЫНЫП:

8 “Д” сыныбы, жетекшісі

Сілтеу Мәдина.

Қатысқан оқушы саны-4

Жүлде саны-4 орын.

ІІ орын-2

ІІІ орын-2


9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары

2024-2025 оқу жылындағы 9-11 сыныптарға арналған республикалық пәндік олимпиаданың ҚАЛАЛЫҚ кезеңі мектебіміз үшін табысты аяқталды.

Қатысқан оқушы саны - 33

Жүлде саны - 14

3 АЛҒЫС (51,5%)

ІІ ОРЫН - 7

1. Абибулла Салтанат, Биология, 11сынып. Пән мұғалімі Абиолва Бағила;

2. Сейдахмет Диар, математика, 9сынып. Пән мұғалімі Нурмаганбетова Гүлжан;

3. ⁠Еріков Тасболат, информатика, 11сынып. Пән мұғалімі Шаукилова Айнагүл;

4. ⁠Сақтапберген Нұрсұлтан, информатика, 9сынып. Пән мұғалімі Жолжан Ақмарал;

5. ⁠Ерикова Нұрбибі, ағылшын, 10сынып. Пән мұғалімі Жиеналиева Шапағат;

6. ⁠Сапарбек Анель, қазақ тілі, 9сынып. Пән мұғалімі Бекенова Гүлжан;

7. ⁠Мұса Жансая, құқық, 10сынып. Пән мұғалімі Смагулов Дархан;

ІІІ ОРЫН - 7

1. Абдрахман Диас, химия, 11сынып. Пән мұғалімі Бодықова Әлия;

2. ⁠Ахмет Ақнұр, география, 11сынып. Пән мұғалімі Каленова Алия;

3. ⁠Жасұланқызы Кәусар, ағылшын, 9сынып. Пән мұғалімі Жүсіпова Айгерім;

4. ⁠Мырзабекова Інжу, қазақ тілі, 11сынып. Пән мұғалімі Байжігітова Асем;

5. ⁠Камал Сымбат, орыс тілі, 9сынып. Пән мұғалімі Жәдікбай Гауһар;

6. ⁠Сансызбай Айсана, қазақстан тарихы, 9сынып. Пән мұғалімі Байменова Перизат;

7. ⁠Маратұлы Жалил, қазақстан тарихы, 10сынып. Пән мұғалімі Надирбаева Бибігүл.

АЛҒЫС

1. Маратқызы Аяжан, физика, 9сынып. Пән мұғалімі Қарашаева Сәуле;

2. ⁠Бекзұлда Арайлым, физика, 11сынып. Пән мұғалімі Полуванова Гүлшара;

3. ⁠Бахарам Бексұлтан, ағылшын, 11 сынып. Пән мұғалімі Ақылтаева Айсауле.

ХБГ бірлестігі - 3

ФИ бірлестігі - 2

Ағылшын бірлестігі - 2

Тарих, құқық бірлестігі - 3

Математика бірлестігі - 1

Қазақ тілі бірлестігі - 2

Орыс тілі бірлестігі -1

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖҮЛДЕЛІ СЫНЫП:

11 “Ә” сыныбы, жетекшісі Камалова Гулзада.

Қатысқан оқушы саны-8

Жүлде саны-5 орын, 2 алғыс.

ІІ орын-2

ІІІ орын-3

Алғыс- 2


«Жыл үздігі» марапаты

МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ!!!

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша

“ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ” қатарынан көрінген әріптесіміз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төлебай Азат Төлебайұлын құттықтаймыз. Білім беру саласының дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ” табысталды. Жыл қорытындысын республикалық спартакиада мұғалімдерінің арасында екі дүркін чемпион нәтижесімен аяқтап,көпке үлгі бола білген әріптесіміздің биік белестері көп болғай


«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшылары»

КӨШБАСШЫ ҰСТАЗ атанған әріптесіміз Қыстаубаев Алтынбек Сейілханұлы үздіктер қатарында!

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аса өзгермелі жағдайларда басқаруға дайын кәсіби көшбасшыларды іріктеу және даярлау мақсатында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы қолға алынған болатын. Білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде үміткерлер өз құзыреттілігін бағалау үшін тестілеуден өтеді, екінші кезеңде оқуға жіберіледі, үшінші кезеңде еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді, төртінші кезеңде қорытынды бағалау рәсімі жүргізіледі және бесінші кезеңде министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Нәтижесінде басшылардың республикалық кадрлық резерві құрылып, сертификат табысталады. 5 кезең бойынша өткізілген 2024 жылғы кадрлық резервке мектебіміздегі озық ойлы, қадамы нық көшбасшы ұстаз Қыстаубаев Алтынбек Сейілханұлын сертификатқа ие болып, кадрлық резервке қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз! Осы бағытта алар асуыңыз көп, жетер жетістігіңіз мол болсын!

Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілген. Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Бұл әріптесіміз үшін үлкен жетістік деп білеміз. Білім көкжиегінде қосар үлесіңіз таусылмасын, көшбасшылық қасиетіңіз сарқылмасын! Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімге жеткізер дағды. Білім мен біліктілігі мол әріптестеріміз көп болсын!

#Қызылорда

#көшбасшы

#кадрлықрезерв

#министр


Форсайт-сессия

Білім беру жүйесі уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Ғылым мен білім ұштаса отырып жаңа технологиялардың да қолданысқа енуі қарқынды жұмыс нәтижелерінің жандануына ықпал жасауда. Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы 10 мектеп-лицейде “Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту” тақырыбында форсайт-сессия өткізілді. Сессияның мақсаты: білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, экология пәнін жалпы пәндермен кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын игеру, қоршаған ортаның маңызы мен адам өміріндегі ролін айқындау. Форсайт-сессияда “Биогум” жобасының жетекшісі Бағила Базарбайқызы ғылыми-зертханалық тәжірибе алаңында орталықтың тәжірибесімен таныстырды. Семинардың мақсатын айқын көрсететін сәт білім алушылардың ғылыми жобаларының жемісті жетістіктерін назарға ұсынуымен жалғасын тапты. “КЕЙС-STUDY бөлімінде “Табиғат ресурстарын қалай пайдаланамыз?” тақырыбында "Жаһандық құзіреттер" курсынан, “Су ресурстарының экологиялық мәселелері” тақырыбында кіріктірілген сабақтар көрсетілді. ІІІ бөлім қорытындылау кезеңінде “Білім мен ғылымның заманауи даму тенденциялары” тақырыбында форсайт-сессия ұйымдастырылып мұғалімдер тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, кері байланыс жүргізілді.


«Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту» форсайт-сессиясы

“Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту» тақырыбында облыстық форсайт-сессиясы өткізілді. Қызылорда қалалық білім бөлімі мен Қызылорда облыстық оқу орталығының әдіскері және қала мектептерінің «Жаһандық құзыреттер”, химия, биология, география пәнінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарға қатысты. Семинар барысында:«Ғылыми-зертханалық тәжірибе алаңында жүзеге асырылып келе жатқан “Биогум» жобасы таныстырылып, оның құрылымы мен жүзеге асырылу формасы аталып көрсетілді. Бұл жоба бастамасы алдағы уақытта өндірістік тұтыну мақсатында сатылымға шығарылып,жаңа кәсіптің жолға қойылатындығы да назарға алынды. Семинар соңында пән мұғалімдері қалалық білім бөлімінің,облыстық оқу орталығының сертификаттары мен алғыс хаттарымен марапатталды.


«Таңғажайып кітап әдемі»

Оқушыларды көркем поэзия тілін оқып байыту, кітапқа деген құрметті арттыру мақсатында 7-сынып оқушылары арасында «Таңғажайып кітап әлемінде» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға насихаттау. Сайыс нәтижесі бойынша көркем поэзияны үздік оқып, ақынның негізгі идеясын толық жеткізген, берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беруі жағынан көзге түскен үздіктер анықталды. Жүлделі I орынды 7«Ә» сынып оқушылары иеленсе, II орынмен 7 «А», 7«Б» сынып оқушылары, III орынмен 7 «Г» 7«Е» сынып оқушылары марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыру дағдысы. Білімдерін, көркем поэзияға деген сүйіспеншіліктерін шыңдап, кітапқа деген құрметін арттырып, ойын нық жеткізе білетін оқушыларымыз көп болсын!

#Қызылордақалалықбілімбөлімі

#оқуғақұштармектеп

#ғылымипедагогикалықкітапхана


“Педагогикалық идеялар панорамасы” республикалық байқауының облыстық кезеңінің “Экологиялық сауаттылық” аталымы бойынша шығармашылық жұмыстарының жоғары нәтижелі көрсеткішімен дараланып,республикалық кезеңіне жолдама алған әріптесіміз Абилова Багила Базарбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз. Білім беру саласында біліктілігін,ұстаздық қызметтің құндылығын тани білген жан бүгінде мектебіміздің мерейін асқақтатты деп есептейміз. Облыс педагогтерінің арасында үздік жұмыс нәтижесін жоғары деңгейде танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!


«Жаңа Қазақстан-Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Жаңа Қазақстан - Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Тартысқа толы пікірталас алаңында әдемі ойын өрнегі көрсетілді. Сайысқа №10, 39, 128, 173, 178, 222, 287 мектептен командалар қатысты. Ойларын ортаға салған оқушылар мағыналы сөйлеуге, ойын нақты дәлелмен жеткізе отырып, еркін пікір айтуға дағдыланды. Ойын нәтижесі бойынша «Үздік спикер» номинациясын №10 мектеп-лицей оқушысы Мамай Жаннұр, «Тапқыр ойыншы» номинациясын №173 мектептен Тасқараева Айша иеленді. Жүлделі I орынды №39 мектеп «Эверест» командасы, жетекшісі Тусирбаева Фариза алса, II орынмен №10 мектеп «Ыбырай ізбасарлары» фракциясы, жетекшісі:Байбол Бекзат, III орынмен №178 мектеп «Талсуат жастары», жетекшісі:Аймахан Айбек және №222 мектеп «Тұрар жастары», жетекшісі: Көптілеу Нартай марапатталды. №173 мектеп «Шырақ», жетекші: Амангелдиева Аида, №287 мектеп Нұраханова Гүлдананың жетекшілігімен

«Сөз найза» фракциясы, №128 мектеп «Назар аудар» фракциясы, жетекшісі: Шайхназарова Манар алғыс хатпен марапатталды. Ойынға әділ баға беріп, оқушыларға төрелік жасаған Пірмантаева Гүлжан «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды. Осы турнирді ұйымдастырғаны үшін Байбол Бекзат қалалық білім бөлімінің алғыс хатына ие болды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыру дағдысы. Білімдерін шыңдап, ойын нық жеткізе білетін оқушыларымыз көп болсын!

#Қызылорда

#қалалықбілімбөлімі

#дебат

#біртұтастәрбие

#пікірсайысалаңы


«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

Құттықтаймыз!!!

Ы. Алтынсарин атындағы #10 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Сатбай Нұрислам “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінде “Өндірістік саласындағы техникалық құрастыру” номинациясы бойынша I орын иеленіп республикалық кезеңге жолдама алды.

Жетекшісі: Тілеу Гүлжан Бексұлтанқызы.

Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!