5 қыркүйек - қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Тіл - ғасырлар аманаты" атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз ана тілінде, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып, көрініс те қойды. Шараның ашылуында оқушыларымыз ән айтып, өлең оқып, түрлі ұлттық құндылықтарымызға қатысты құрастырылған сұрақтарға жауап беріп, білім бәйгесіне түсті. Мерекелік шараның басты мақсаты - ана тіліміздің тұғырының биік болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, ғасырлар аманатын берік ұстау.