Қараша айының 14 күні Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп - лицейінің жоғары сынып ер балаларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ», «Қылмыссыз өмір - кемел келешек кепілі», «Нашақорлыққа жол жоқ» және “Сыбайлас жемқорлықпен күрес” тақырыптарында арнайы сала мамандарымен кездесу болып өтті. Қоғамдағы өзекті мәселе саналатын тақырыптарды жасөспірімдерге кеңінен насихаттау және алдын алу үшін мектеп инспекторы Ө. Жалғасбаев пен А. Оңдасынов - қалалық прокуратурасы Бөлім прокуроры және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бірлесе отырып сұхбат жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, сала мамандарының ескертулері мен қауіпсіздік шараларына басты назар аударды.






