Ыбырай Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейінде 18 - 22 қараша аралығында бастауыш сынып пән бірлестігінің апталығы басталды.
Апталықтың бірінші күні 1 - сыныптарының ұйымдастыруымен “SMART kids” интеллектуалды ойын - сайысы өткізілді. Сайысқа 1 - сыныптың жарқын да батыл, білімді де білгір оқушылары қатысып, білімдерін танытты. Сайыстың ерекшелігі ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын аша отырып, жас ерекшелігіне қарай “Ханталапай”, “ Жамбы ату” ойындарын сайыс түрінде жүргізді. RANDOMAZER арқылы сайысты бірінші бастайтын топты анықталып, бағалау әдісі ұлттық валюта күнімен байланыстырылып, теңгемен бағаланды. Word well платформасымен қызықты есептер де шешіліп, оқушылар белсенділігі көрінді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұлттық аспаптармен көңілді сергіту сәті ұйымдастырылды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, әр оқушыға сыйлықтар берілді. Интеллектуалды ойын - сайысы өз деңгейінен жоғары дәрежеде өтті!







