“Педагогикалық идеялар панорамасы” республикалық байқауының облыстық кезеңінің “Экологиялық сауаттылық” аталымы бойынша шығармашылық жұмыстарының жоғары нәтижелі көрсеткішімен дараланып, республикалық кезеңіне жолдама алған әріптесіміз Абилова Багила Базарбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз. Білім беру саласында біліктілігін, ұстаздық қызметтің құндылығын тани білген жан бүгінде мектебіміздің мерейін асқақтатты деп есептейміз. Облыс педагогтерінің арасында үздік жұмыс нәтижесін жоғары деңгейде танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!