“Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту» тақырыбында
облыстық форсайт - сессиясы өткізілді. Қызылорда қалалық білім бөлімі мен Қызылорда облыстық оқу орталығының әдіскері және қала мектептерінің «Жаһандық құзыреттер”, химия, биология, география пәнінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарға қатысты. Семинар барысында:«Ғылыми - зертханалық тәжірибе алаңында жүзеге асырылып келе жатқан “Биогум» жобасы таныстырылып, оның құрылымы мен жүзеге асырылу формасы аталып көрсетілді. Бұл жоба бастамасы алдағы уақытта өндірістік тұтыну мақсатында сатылымға шығарылып, жаңа кәсіптің жолға қойылатындығы да назарға алынды. Семинар соңында пән мұғалімдері қалалық білім бөлімінің, облыстық оқу орталығының сертификаттары мен алғыс хаттарымен марапатталды.






