2023 - 2024 оқу жылының қорытындысы бойынша
“ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ” қатарынан көрінген әріптесіміз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төлебай Азат Төлебайұлын құттықтаймыз. Білім беру саласының дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ” табысталды. Жыл қорытындысын республикалық спартакиада мұғалімдерінің арасында екі дүркін чемпион нәтижесімен аяқтап, көпке үлгі бола білген әріптесіміздің биік белестері көп болғай