«Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей дана халқымыз ертеден әр істің байыбына бара алған. Бүгінде бейбіт заманда, тәуелсіз елдің төсінде жетіліп келе жатқан әрбір жас шын бақытты десек артық болмас. Дегенмен қоғамда толғандыратын мәселелер де назардан тыс қалған емес. Осы орайда мектеп - лицейіміздің бастамаға жаны құмар, ізденуден жалықпайтын 9 сынып шәкірттерінің арасында "Заң мен тәртіп", « Құқық пен міндетті білеміз бе?» тақырыптарында шығармашылық бейне ролик байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың ішкі тәртіп ережелерін білуімен қатар оны қатаң сақтау қағидаттарын, тәртіп пен білімді қатар алып жүру оқушы парызы екенін меңгерту мақсатында өткізілген сайыс өз кезегінде төмендегідей нәтижелер көрсетті. Кративті ой, жүйелі материал, ізденіс пен шығармашылыққа толы жұмыс қорытындысы: «Бас жүлде» 9 «Е» сынып, І орын 9 «В» сынып, ІІ орын 9 «Д», ІІІ орын 9 «Б» сынып оқушылары иемденсе, бағалау критерилері бойынша «Тақырып мазмұнының өзектілігі мен маңыздылығы» 9 «А» сынып, «Шығармашылық және жаңашыл идея» 9 «Б» сынып оқушылары иеленді. Алдағы уақытта аталған жұмыс жалғасын тауып, жандана түссе білім алушылардың білімі мен тәртібін, одан қала берді уақытын тиімді, пайдалы істерге жұмсауға сеп болады деген ниеттеміз!






