Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицей КММ
2024 жылдың 20 желтоқсан күні қамқоршылық кеңес отырысының есеп беру жиналысы өткізілді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. 2023 - 2024 оқу жылындағы бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы (жалпыға міндетті оқу қоры есебінен берілетін ыстық тамақ)
Қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау.
Мектеп - лицей директоры Айгүл Нажмадинқызы күн тәртібіндегі мәселер бойынша ақпараттық есеп беріп өтті. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен ыстық тамақ және мектеп бюджетінен бөлінген қаржыға тоқталды.
Қамқоршылық кеңес төрайымы Досаханова Самал Серікқызы өз өтініші бойынша төрағалық міндеттен босатылып, осы отырыс барысында "Alexey Sultan Akhmet" ЖШС медициналық емхананың қаржы директоры Қарлыханова Жайна Төреханқызына төрағалық міндетіне ұсыну туралы келісімі бірауыздан ұсынып, сайлауға кеңес мүшелері дауыс беріп қолдады.
Алдағы уақытта қамқоршылық кеңес жұмысы өз деңгейінде жүргізіліп, мектеппен тығыз қарым - қатынас орната отырып алдағы уақыттарда ынтымақтастықта жұмыстар жүргізіледі.
Жайна Төреханқызына, сәттілік тілейміз!