Жаңа жыл - әрбір бала асыға күтетін, олардың көңілдеріне қуаныш, балғын жүздеріне шаттық сыйлайтын ерекше күн. Осы ғажайып мерекеде балаларға көңіл - күй мен шаттық сезімін сыйлауға әрбіріміздің асығатынымыз анық.
Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицей КММ 2024 жылдың 25 желтоқсан күні мектеп басшысы Айгүл Нажмадинқызы аз қамтылған отбасы балаларына (қамқорлық акциясы аясында) жаңа - жыл қарсаңында көңіл қуанышын білдіріп тәттілер мен азық - түлік себеті таратылды.
Жаңа жыл әрбір отбасыға бақыт, береке мен жарқын күндер әкелсін!