Ы. Алтынсарин атындағы
10 мектеп - лицей КММ бойынша 2024 жылдың 27 желтоқсан күні ата - аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде :
қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелері, лудомания, буллинг,
кибербуллинг;
зорлық - зомбылықтың алдын алу туралы мектеп басшысы Айгүл Нажмадинқызы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылардың өмір қауіпсіздігін алдын алу, заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүруге болмайтындығы ескертілді.
Күнделікті рейд жұмыстары жүргізілуде, құқық қорғау өкілдерінен, білім саласынан, қоғамдық бірлестіктер құрамынан тұратын қоғамдық сақшылардың назарына түссе, заңды өкіл - ата - ана ретінде ӘҚБтКодекстің 442 бабы негізінде әкімшілік айыппұл салынатынын қатаң ескертеміз.
Сонымен қатар қоғамдық дертке айналып бара жатқан балалар арасындағы лудомания, буллинг, кибербуллингтің алдын алу үшін баланың бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың ойларын бөліп қосымша үйірмелерге қатыстыру туралы кеңес берді.






