08 қаңтар күні мектеп ұстаздарының қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында мектепішілік “Жастар FEST” жобасының аясы, жас педагогтер арасында “Өткенге саяхат” атты ретро шоу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: жас педагогтердің өзара қарым - қатынастарын нығайту, ұжым арасында ауызбіршілікті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Аталған шара өткен уақыттарға саяхат жасап, орта буын өкілдерінің жастық шағын көз алдына келтіргендей әсер қалдырды. Шығармашылық бағыттарының жарқын көрінісі үйлесім тапқан сәт - жанды дауыстағы ән, көңілді би, әртістік шеберлікпен ұштасты. Жоба жыл көлемінде жалғасын тауып, мақсатты нәтижелерін береді деген үмітте әріптестердің өнері бағаланып, мектеп басшысы және кәсіподақ тарапынан арнайы марапаттар табысталды.