”Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Отбасы кіші мектеп» штабының жұмыс жоспарына сәйкес бірлік және ынтымақ құндылығын дәріптей отырып «Сымбат» қыздар ұйымының кезекті шарасы болып өтті.
Шара барысында: Қыздардың жеке бас гигенасы, отбасындағы қыз баланың тәрбиесі/ зорлық - зомбылық, буллинг, ерте жүктілік/ туралы маман кеңестері тыңдалды.
Шара мақсаты:қыз балаларды тәрбиелеу арқылы азаматтық - адамдық толеранттылық - Кіші мектеп негізінде аса өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматтарды қалыптастыру, жан - жақты дамуына жағдай жасау болып табылады.
Шараға сала мамандары шақырылып, ақпараттармен бөлісті.
Қатысушылар:
Ардагер ұстаз - Рахметова Райкүл
Қалалық №5 емхана қызметкері, ”Салауатты өмір салты” орталығының маманы - Қарамергенова Гүлденай Қалдыбековна
Жастар денсаулық орталығының валеолог маманы - Мазқожа Гүлназ
Мектеп президенті - Мұса Жансая
”Сымбат» қыздар ұйымының төрайымы - Қанибай Ашура
Қазіргі қоғамдағы қыз баланың тәрбиесі мен тәртібі туралы, сондай - ақ қыздар арасындағы буллинг түрлері мен тазалықтары жөнінде кең көлемде мамандар кеңес беріп, қыздар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, ойларымен бөлісті.