“Пед старт - кәсіби бағдар” кіші мектебі 
“Кәсіби бағдар - маңызды қадам” жобасы
2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылы
«Физика - өндіріс орындарында»
1. “ORDA GLASS LTD” ЖШС
2. ⁠ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНА
Экскурция сабақ
Экскурция сабақтың мақсаты
▪️Оқушыларды жергілікті жердің экономикасын көтеру мақсатында жұмыс жасап жатқан шыны заводындағы өндіріліп жатқан өнімдердің физика саласының әртүрлі бағытында қолданыс алып жатқандығы туралы мәліметтермен (шынының оптика саласында, люменеценциялық шамдарда қолданылуы) таныстыру.
▪️Оқушыларды қаламыздың жарықтандыруы мен жылуына өз үлесін қосып отырған Жылу Электр Орталығының бу қазандықтарының жұмысымен және электр станциясының ток өндіру қуатының маңыздылығымен таныстыру
Өндіріс басшысының таныстырылымынан кейін шынылардың жылулық қасиеттері оның химиялық құрамы мен өңдеу әдістеріне тәуелді. Шынының жарықтылық және физикалық қасиеттері жылу мен өңдеуге тәуелді. Әр түрлі қалыңдықтағы шынылардың сыну көрсеткішінің мәндері өзгеріп отыратындығы және бір бетінің түрлі - түсті метал қабатымен қапталған шынының энергия үнемдейтін және сырттан келген ыстықты ішке өткізбейтін немесе іштегі жылуды сыртқа шығармайтыны туралы физика пәні мұғалімі Карашаева Сауле таныстырып өтті.
9 сынып оқушыларына арнап Қызылорда қаласында орналасқан «ҚЖЭО» КММ - не экскурсия сабағы ұйымдастырылды. Экскурсия жүргізу барысында «ҚЖЭО» КММ - нің қызыметкерлері атап айтқанда бөлім басшысы Камалов Сәмет Асылбекұлы оқушыларымызға қауіпсіздік ережесінен бастап, жылу орталығының жұмыс барысымен, бу қазандықтарының жұмыс істеу принціпімен және бұл сала бойынша қандай маман жұмыс жасайтындығын оқушыларға егжей - тегжейлі түсіндіріп, жұмыс барысын таныстырды.
Жылу орталығында 7 бу қазандықтары 6 энергия тасымалдайтын қуаты 220 дан 220000 Вт аралығында жұмыс жасайтын трансформаторлар жайлы айтылды. Оқушылар физика пәнінен алған теориялық білімдерінің өндірісте қандай орын алатындығына көз жеткізді. Практика аясында бу қазандықтарының және трансформатордың жұмыс істеу принциптерімен танысты.