«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі
«Білікті ұстаз - табысты мектеп» жобасы аясында
«Жаратылыстану - зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында химия пәнінен «Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары» атты 8 сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері Бодықова Әлия мен Есіркепова Салтанаттың ұйымдастыруымен тәжірибелер алаңы болып өтті.
Тәжірибелер алаңының мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ізденуге үйрету;
Тәжірибелер алаңының
І кезеңі: «Сұрақ - жауап айдары». Тәжірибе алаңына қатысушы көрермендер химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
ІІ кезең: «Кім жылдам» кезеңінде оқушылар зертханада қолданылатын құрал - жабдықтардың атқаратын қызметін анықтай отырып тапсырманы жылдам орындады.
ІІІ кезең: «Қызықты тәжірибелер» алаңы.
1 тәжірибе - «Хамелеон»
2 тәжірибе - «Көңілді шар»
3 тәжірибе - «Табиғи индикатор»
4 тәжірибе - «Жанартаудың атқылауы»
5 тәжірибе - «Катализатор қатысында сутек газының бөлінуі»
6 тәжірибе - «Йод арқылы крахмал анықтау»
7 тәжірибе - «Виртуалды зертхана»
Іс - шараның негізгі кезеңінде химик оқушылар қызықты тәжірибелерді көрсетіп, зерттеушілік қабілеттерін арттырып, білімдерін шыңдады.






