«Балалар кітапханасы” кіші мектебі
“Бір кітап - бір дос” жобасы аясында
Жарқын болашақтың іргетасы - білімде, ал білімнің бастауы - кітапта. Кітап оқу - армандарға апарар жарық жол.
Балаларды ұлттық тәрбиеге баулу, кітап оқуға деген қызығушылын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Оқу бағдарламасы негізінде меңгеретін білімді жетілдіру үшін шәкірттер кітапханада қажетті ақпараттармен қамтылып, ізденіс жұмыстарын жандандыра алады. 4 сынып оқушылары өздері оқыған “Бала мен әке”, “Таза бұлақ” әңгімелерінің мазмұнын терең түсіну арқылы, ондағы құндылықтарды өздері секілді балаларға үлгі етіп, насихаттап келе жатыр.






