”Пед старт - кәсіби бағдар” кіші мектебі
«Білікті ұстаз - табысты мектеп» жобасы аясында
Педагогикалық идея - тәжірибе алмасу
Білім мен біліктілікті ұштастыру негізінде «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері бастауыш сынып мұғалімі Жағыпар Гүлдана өз педагогикалық идеясын 4 «Е» сынып оқушыларын қатыстыра отырып, жас педагогтармен бөлісті.
Педагогикалық идеяның мақсаты:
Оқушылардың көріп есте сақтау, естіп есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Ойната отырып оқыту арқылы дүниетанымын байыту;
Білім алушылардың сөздік қорын молайтып, мәтін мазмұнын болжауға ықпал ету, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Ізденіс бар жерде жеңіске жету - заңдылық. Жас талабын кәсіби білімімен жалғаған әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!






