“Балалар кітапханасы” кіші мектебі
”Оқы, ойлан, талда” жобасы аясында
”Көксерек” повесі танымдық сабақ
Қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы М. Әуезовтің тырнақ алды туындысы “Көксерек”повесі желісі бойынша 7 сынып оқушыларының қатысуымен танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты:
- оқушыларға шығарманы меңгерте отырып, әңгіме мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын ашу,
- кейіпкер бейнесіне талдау жасау.
- Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеу.
Сабақ барысында кітапханашы Н. Сапабекова мен А. Шыңғысхан түрлі әдіс - тәсілдермен оқушыларға шығарма желісіндегі кейіпкерлер бейнесін саралауды, шығарманы мазмұндауды, оқиғаға көзқарастарын білдіруге дағдыландырды. Сонымер қатар тақырып аясында бейнематериалдар назарға ұсынылып, оқушылар қызықты ақпараттармен құлақтанды. Танымдық сабақтардың жалғасын тауып, оқушылардың жазушылар шығармаларына қызығушылығы артады деген сеніммен ұсыныстар да айтылды.






