«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі 
«Кәсіби бағдар - маңызды қадам» жобасы аясында 
Қазіргі таңда «2025 жыл жұмысшы мамандықтар» жылы деп аталуына байланысты, кезекті кәсіп орын «DALATEX» ЖШС тігін цехына оқушыларды кәсіптік - бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықтарын арттырып, насихаттау барысында жұмысшылардың бір күндік өмірлерімен таныстырылды.
Кәсіпкер Ділмұхамед Абизов 2016 жылы аталған микроқаржы ұйымының қолдауына ие болып, «Dalatex» атауымен өзінің жеке тігін цехын ашқан. Бүгінгі күннің өзінде тәулігіне 400 - 500 дана ерлер киімін тігетін кәсіпорын 70 - ке жуық жұмысшыларды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда цех қызметкерлері өңірімізде "Қазгермұнай", "Қаражанбас", "Қазақтелеком" және Ішкі істер органдарының қызметтік жейдесі мен басқа да мекеменің арнайы киімдерін тігумен айналысатын отандық компаниялардың қатарында. Сонымен қатар, өнімдер өңірімізде ғана емес, аймақтарда да сұранысқа ие.
«DALATEX» ЖШС тігін цехының ұжымына мектеп - лицей директоры Айгүл Нажмадинқызы кәсіптеріне толағай табыстар тілеп, өз ризашылығын білдірді.