«Пед старт - кәсіби бағдар» кіші мектебі 
«Кәсіби бағдар - маңызды қадам» жобасы аясында
10. 02. 2025 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мектеп түлектері мен университет оқытушылары арасындағы бейресми диалог, университет тарихымен және филология факультеті студенттерінің жетістіктерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Студенттер университет қабырғасындағы білім алушылардың, білім деңгейін көтеруге беретін мүмкіндіктері және университеттің Патрисия Лумумба атындағы Халықтар достығы университетімен байланысы туралы айтты.
Мектебіміздің оқушылары зияткерлік ойынға қатысып, орыс тілінен білімдерін көрсетті. 11 «Ә» сынып оқушысы Алиакбар Аян филология факультетінің студенттеріне сұхбат берді.