"Шын жүректен кітап сыйла" челленджі
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Балалар кітапханасы" “Оқуға құштар мектеп" жобалары аясында "Шын жүректен кітап сыйла" челленджі білім алушылар мен кітапқұмар оқырмандарға жолдады.
Бастауыш сынып оқушылары мен мектептің өзін - өзі басқару ұйымы мүшелері атсалысқан акцияда тәлімгер Г. Есмаханова қоғамдық белсенділікте көш бастап жүрген Р. Қыдырбайға сыр елінің біртуар тұлғасы, жазушы, қоғам қайраткері Сәпен Аңсатовтың “Айтарым бар” тырнақ алды туындысын сыйға тартты.
Рухани құндылығы мол дәстүрлі бастама жалғасын тауып, білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасы жоғары боларына сеніммен, келешек ұрпаққа ұлттық мұрамызды аманаттаймыз!!!
Ұйымдастырушылар: мектеп - лицей кітапханашылары мен мектеп тәлімгері






