Ғасырлар бойы рухани болмысымызға тән, дархан пейілді халқымыздың салты мен дәстүрінде, әдеті мен ғұрпына сіңген кеңпейілділік сипаты - бүгін тағы бір мәрте жанданғандай.
Көктемнің алғашқы күні, тіршіліктің жанданатын шағы, табиғаттың тамылжыр уақытымен тұспа - тұс келген алғыс мерекесі біздің де шаңырамызда шалқыды. Айтулы мереке мектеп ұлағатты ұстаздары, білім алушылары, бүлдіршіндер мен кіші қызметкерлерге көктемгі көңіл - күй, жүрек жарды жылы лебіздер сыйлап, барша халқымызды құттықтаумен жалғасын тапқандай әсер берді.
Баршаңызды “Алғыс айту” күні мерекесімен құттықтай отырып, еліміз бен жеріміздің амандығын, бейбітшілігін, адамзаттың абзалдығын тілейміз!!!