”Балалар кітапханасы” кіші мектебі
“Бір кітап - бір дос” жобасы аясында
”Асыл сөзді іздесең, абайды оқы, ерінбе!” мәнерлеп оқу сайысы
Ақын, философ Абай Құнанбаевтың мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, өскелеңге өлең өміршеңдігін насихаттау, білім алушылардың бойында ақын шығармаларына деген сүйіспеншілік қалыптастыру мақсатында “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!” атты 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Тарих қылын шертер ұлы мұрағат бүлдіршіндер үнімен көркем орындау арқылы жеткізіп, Абай атамыздың мәңгілік тұлға екенін тағы бір аңғартты.
Оқушылардың таудай талаптарына тәнті болған қазылар алқасы сайыс соңында алғыс хаттармен марапаттады.






