ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР МЕН НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАР!
Көктемнің алғашқы аптасымен тұс келген барша нәзік жандылар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлем тербеген асыл перизаттарымыздың дені сау, өмірлері шуақты болсын. Отбасының ұйытқысы, ұлттың ғазиз ғұмырының алтын құрсағы болған жандарымыз қашанда аман болсын.






