«GREEN WORLD» КІШІ МЕКТЕБІ
«ЗИЯТКЕР - ҒЫЛЫМИ БАҒДАР» ЖОБА АЯСЫНДА
13 Наурыз күні «Зияткер - ғылыми бағдар» жобасы аясында оқушылардың ағылшын тілінде алған білімдерін, дағдыларын толықтыра отырып, ой - өрістерін кеңейту, зияткерлік қабілеттерін дамыту, топтық жұмыс арқылы тілдерге қызығушылығын арттыру және қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Green World» кіші мектебі аясында құрылған «Зияткер - ғылыми бағдар» жобасын жүзеге асыру бағытында 6 сыныптар арасында «The best of the best» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Интеллектуалды ойын 4 кезеңде өткізілді.
1 «Baige»
2 «Who is the best?»
3 «Polyglot»
4 «Do you know that?» кезеңдеріндегі логикалық сұрақтарға, тапсырмаларға үш тілде жауап беріп, өзара бақ сынасып іс - шара өз мәресіне жетті. Интеллектуалды ойын сайысының қорытындысы бойынша қазылар алқасы топтарды орындармен марапаттады.
1 орын - 6 «А» сынып оқушылары «The best» тобы.
2 орын - 6 «Б» сынып оқушылары «Friendship»тобы.
3 орын - 6 «Ж» сынып оқушылары «Everest team» тобы.
«The best of the best» интеллектуалды ойын сайысына жауапты ағылшын тілі пән мұғалімдері Туманова Зейнегүл мен Айменова Сауле оқушыларға зор алғыс айта отырып, шығармашылықтары шыңдала берсін деп ыстық - ықыластарын білдірді.






