БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ КІШІ МЕКТЕБІ 
”БІР КІТАП - БІР ДОС” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
“BILIM HIGH” ДОДАСЫ
14 наурыз күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру бағытында мектепішілік “Бір кітап - бір дос” жобасы аясында оқушылардың жан - жақты зияткерлік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерімен ерекшеленген дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 9 - 10 сынып оқушылары арасында “BILIM HIGH” зияткерлік додасы өткізілді.
Байқауға 5 оқушыдан құрылған 4 топ қатысып, өз бақтарын сынады.
3 кезеңнен тұратын сайыста командалар әртүрлі бағытта жасақталған сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлері мен шапшаңдықтарын танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша
І орын “Кибер ойшылдары”
ІІ орын “Цифрлық жаңашылдар”
ІІІ орын “Мәлімет майталмандары”, “ Интеллектуаллы инноваторлар” командалары жеңіске жетті.
Тартысты дода білім алушылар арасындағы бәсекенің мағынасын көшбасшылыққа бағыттап, топтар арасындағы бірлік, ұжымдық қатынастарды нығайтты. Алдағы уақытта бұл додалар жүйелі жалғасын тауып, білімді шәкірттер қатарын толықтырып отырады деп білеміз!