Отбасы - кіші мектебі
Ата - аналар академиясы
“Парасатты отбасы” жобасы аясында
”Ынтымақты отбасы болу - әкеден” отбасылық сайыс
Мектепішілік мектепалды даярлық сынып оқушылары арасында “Ынтымақты отбасы болу - әкеде” тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді.
Мақсаты:
Отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі - әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Өз өнерлерін көрсету.
3. ”Қыздарға әсемдік жарасады”
4. ”Сиқырлы бояулар”
5. ”Табан ізі” әдісі.
6. Әке мен қыз вальсі.
Сайыс қорытындысы бойынша
“Креативті отбасы” номинациясымен “Маратовтар” отбасы
“Ынтымақты отбасы” номинациясымен “Абдухановтар” отбасы
“Өнерлі отбасы” номинациясымен “Мұратәлиевтер” отбасы марапатталды.
Шара барысында негізгі отбасылық құндылықтар салауатты және бақытты қарым - қатынастың негізін құрайтындығына көзіміз жеткендей. Әрбір баланың жетістікке жетіп, қоғамда өз орнын тауып, жеке тұлға болып қалыптасуына отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке қолдауы, сүйіспеншілігі мен мейірімін сезініп өскен келешек ұрпақтың болашағы да жарқын болары анық.