29 қаңтар күні «Цифрлы ұстаз» кіші мектебінің «Білім көрсеткіші - интеллектуалды ойын» жобасы аясында 8 сынып оқушылары арасында білім сапасын көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында «Логика және қозғалыс» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Гүлжан мен физика пәнінің мұғалімі Қарашаева Сауленің жүргізуімен интеллектуалды ойын болып өтті.
Интеллектуалды ойынның мақсаты:
Оқушылардың физика және математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
PISA Халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау,дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
«Логикаңыз қалай?», «PISA биігіне қадам», «Тәжірибе айдыны» «Залдағы зияткерлер» тақырыбындағы ойында оқушылар белсенділік танытып,физика мен математиканың сиқыры мен таңғажайыптарына тәнті болды. PISA Халықаралық зерттеу тапсырмалары да орындалды.






