МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде тегін және жеңілдетілген тамақты ұйымдастыру және тамақтандырудың сапасын тексеру мақсатында құрылған бракераждық комиссия мүшелерімен асхана жұмыстарына кезекті мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінде оқушылардың тамақтануына жағдай жасалынған, тамақтану залы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Бекітілген мәзір бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген.
“Бала денсаулығы- ұлтымыздың таптырмас байлығы, болашағы”,- демекші дені сау ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұжымы мен комиссия құрамы үшін басты назарда.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/t-rbie-b-limi/177-bala-densauly-y-ltymyzdy-taptyrmas-bajly-y-bolasha-y.html#sigFreeIdb45d537f27






