2023-2024 жылдарға арналған тәрбие жоспарына сәйкес  №10 мектеп- лицейдегі "Сымбат" қыздар ұйымы қаламызда жаңадан ашылған "Анаға тағзым" орталығына барды. Орталықтың жұмысымен танысып болған соң, арнайы мамандардың  қатысуымен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үлестірме қағаздар таратылды. Оқушылар  "Анаға тағзым" орталығындағы алған әсерлерімен өздерінің жеке әлеуметтік парақшаларында бөлісті.