Сайысқа №10, 120, 136, 173, 178, 222 мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасынан құрылған топтар қатысты.
Турнир барысы арнайы 3 кезеңді құрады.
Тартысты болған пікірсайыс алаңында төрешілер шешімімен
І орынды Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің “Алтынсарин ізбасарлары” фракциясы Алмахан Сандуғаш пен Хаджимұрат Гүлсім жеңіп алды. Жетекшісі: Байбол Бекзат
ІІ орынға №120 мектеп “Өркениет” фракциясы Нақып Шұғыла мен Бауыржанұлы Алпамыс лайық деп танылды.Жетекшісі: Балтабай Бибігүл
III орынды №173 мектеп “Әлия-Мәншүк” фракциясы иемденді. Жетекшісі: Алтаева Карлыгаш.
"Үздік спикер" номинациясына №136 мектеп оқушысы Арапхан Нұрай ие болса №178, №222 мектеп оқушылары «Алғыс хат» иемденді.






