Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде арнайы мамандар мен мектеп психологтары бірлесе отырып
«Өз құқығымызды білеміз бе?» атты тақырыпта жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Қызылорда ОПД УККД полиция подполковнигі Шагиров Азиз бен Қызылорда КПБ ЖПКБ ЮПБ УПИры полиция аға лейтенанты Жакиев Нурлан Молдағалиұлы қатысты.
Күн тәртібінде мектеп оқушылары арасында топтық төбелесті болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқу-тәрбие процесінің шеңберінде оқушылардың құқықтық танымын арттыру және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасы немесе заңды өкілінсіз беймезгіл жүрмеуін қадағалау, олардың түнгі уақыттарда ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу мәселелері.Мектептен тыс уақытта оқушылардың бос жүрмеуін қадағалау мақсатында ата-аналарға кеңес беру аясындағы мәселелер талқыланды.