«Мектеп театры» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай 5-сыныптар арасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты сахналық қойылымнан сайыс өтті. Мақсаты: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға баулу. Сайыста оқушылар «Менің атым Қожа» повесінен үзінділер сахналады. Шараға Қызылорда қалалық жастар театрынан арнайы труппа жетекшісі Әл-Мұхаммед Алдажаров пен жас актриса Зарина Ерболқызы қатысып қазылық етті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын 5 «Б» сыныбы, 2-орын 5 «Ж» сыныбы, 3-орын 5 «А» сыныбы иеленді. Жеңімпаз сыныптарды мектеп-лицей директоры Асылбек Бақытбекұлы арнайы дипломдармен марапаттады.