“Қазақ мәдениетіндегі қыз тәрбиесі” тақырыбында мектепішілік жоғары сынып қыз балалары арасында арнайы сала мамандарымен кездесу болып өтті.
Күн тәртібіндегі:
Мектеп оқушыларының ішкі тәртіп ережесі - Г. Сералиева;
Зорлық - зомбылық, буллинг, кибербуллинг алдын алу - А. Жалғауова;
Жастар денсаулық сақтау орталығы валеологы - Г. Мазқожа;
СӨС орталығының маманы - Г. Қарамергенова;
«Сымбат»қыздар ұйымына қайта сайлау, бұйрыққа өзгеріс енгізу.
Мектеп басшысы А. Мұсабаева мен тәрбие ісі меңгерушісі Г. Сералиева мектептің ішкі тәртіп ережелерін қатаң ұстануды, оның құндылықтарын бағалауды жіті ұғындырды. Психолог маман да өз кезегінде буллинг тақырыбын кеңінен түсіндіріп, назарға ұсынды. Қыз бала тәрбиесі жөнінде, жеке бас гигиенасы, сонымен қатар қыз баланың қоғамдағы ролі туралы таныстырылым жұмыстарынан кейін, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап алынып, сұхбат өрби түсті.