Білім беру жүйесі уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Ғылым мен білім ұштаса отырып жаңа технологиялардың да қолданысқа енуі қарқынды жұмыс нәтижелерінің жандануына ықпал жасауда. Осы орайда Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейде “Экологиялық білім беру тенденцияларын тиімді қолдану арқылы интеграциялап оқыту” тақырыбында форсайт - сессия өткізілді. Сессияның мақсаты: білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, экология пәнін жалпы пәндермен кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын игеру, қоршаған ортаның маңызы мен адам өміріндегі ролін айқындау. Форсайт - сессияда “Биогум” жобасының жетекшісі Бағила Базарбайқызы ғылыми - зертханалық тәжірибе алаңында орталықтың тәжірибесімен таныстырды. Семинардың мақсатын айқын көрсететін сәт білім алушылардың ғылыми жобаларының жемісті жетістіктерін назарға ұсынуымен жалғасын тапты. “КЕЙС - STUDY бөлімінде “Табиғат ресурстарын қалай пайдаланамыз?” тақырыбында "Жаһандық құзіреттер" курсынан, “Су ресурстарының экологиялық мәселелері” тақырыбында кіріктірілген сабақтар көрсетілді. ІІІ бөлім қорытындылау кезеңінде “Білім мен ғылымның заманауи даму тенденциялары” тақырыбында форсайт - сессия ұйымдастырылып мұғалімдер тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, кері байланыс жүргізілді.






