«Білікті ұстаз - білімді шәкірт» сабақтастығы қай уақытта болмасын өзінің сипатын жоймай келеді. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған уақытта білім беру саласы да жаңашылдыққа бет бұрыс жасай отырып оқу жылы басынан бері « Цифрлық ұстаз» жобасын жүргізіп келеді. Жоба бойынша жыл көлемінде атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, уақытымен орындалуда. 8 - 11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану бағыты: алгебра, геометрия, химия, физика, биология , Қазақстан тарихы пәндерінен цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, қашықтықтан білім берілуде. Кеңес беру сабақтарының мақсаты білім алушыларға қиындық тудыратын күрделі және ауқымды тақырыптарды меңгеруде және қорытынды аттестаттауға дайындалуда көмек көрсету. Желтоқсан айындағы кеңес беру сабақтарын педагог - зерттеуші тәжірибесі бар кеңесші физика пәнінің мұғалімі Камалова Гүлзада, биология пәнінің мұғалімі Әбілова Бағила, математика пәнінің мұғалімі Досмағанбетова Гүлсара, химия пәнінің мұғалімі Бодықова Әлия өткізді. Кеңес беру сабақтары білім алушыларға оқу үлгірімінің көтерілуіне ықпалын тигізіп қана қоймай, білімге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/190-bilikti-staz-bilimdi-sh-kirt.html#sigFreeId9530e0f552






