«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп ұлы ойшыл Әл - Фараби бабамыз сөзіне тиек еткендей білім ошағы тек білім беру процесін жүзеге асыратын орган емес, тәртіп пен тәрбиені өскелең ұрпақ бойына сіңіретін асыл орта. Тәрбие негізі мектепке дейін баланың өз отбасы, ата - анасының жанында қалыптасса, мектеп жасына жеткенде білім ошағында жалғасын тауып, қоғамдық өмірге бетбұрыстың алғашқы баспалдағы болмақ. Осы тұста желтоқсан айының 19 жұлдызында мектепішілік жалпы ата - аналар жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде:
1) 2023 - 2024 оқу жылындағы І оқу тоқсанының қорытындысы,
мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ - ға дайындығы, білім сапа көрсеткіші, құқықбұзушылыққа байланысты атқарылған жұмыстардың есебі;
2) Мектепішілік жалпы ата - аналар жиналысы өтті.
Мектеп - лицей директоры А. Мусабаева ата - аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Жиналыс барысында білім сапа көрсеткіші, мектепішілік бақылау нәтижелері, оқушылардың білімі мен тәртібі, ата - ана мен мектептің тығыз байланысы қамтылып, ұжымдасқан түрде жұмыс жасау басты назарға алынды. Мектеп пен ата - ана арасындағы қауымдастық, одақтастық жұмысының жемісті болуын оқу жылының нәтижесін жақсы жетістіктермен, тың идеялармен жүзеге асыру жайлы ұсыныстар талқыланды.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/192-t-rbiesiz-berilgen-bilim-adamzatty-as-zhauy.html#sigFreeIdfdab2730af






