Білікті ұстаз - марапат төрінде
"Педагогикалық идеялар панорамасы - 2024" республикалық байқауында әріптесіміз Абилова Бағила Базарбайқызы үздіктер қатарынан бой көрсетіп жүлделі ІІ орын иеленді.
Білікті ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы ЮНЕСКО халықаралық ұлттық ұйымының қолдауына ие болып ІІ орын марапатын иемденді.
Облыстық кезеңнен үздіктер қатарында көш бастап, республикалық кезеңде де оң марапатты қанжығалап, әріптестерге үлгі бола білді.
Бағила Базарбайқызына шығармашылық табыс тілей отырып, бағындырар белестеріңіз көп болсын дейміз!