Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицейі дәстүрлі түрде үйден оқытылатын білім алушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылдық тәттілерді сыйға тартты. Оқушылар Аяз ата мен Ақшақарға дайындаған өнерлерін көрсетсе, ата аналары ізгі тілектерін білдірді. Жаңа жыл әрбір бала үшін бар шаттық пен қуаныштың мерекесі. Балаларымыз бақытты, жаңа жылымыз берекелі құтты жыл болсын.






