Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық “Дарын” ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде ЖҮЛДЕГЕР оқушыларымыз марапат төрінен көрінді.
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Білім нәрімен сусындатып, тәрбие - тәлім берген ұстаздардың еңбегі ақталып, шәкірттеріміздің жұлдызы жарқыраған күн болды.
Шәкірттерімізге жаңа серпіліс пен толағай жетістіктер тілейміз.