Жаңа жыл - жыл сайын барша балалардың асыға да сағына күтетін мерекесі. Әсіресе, кішкентай балалар үшін шат - шадыман думан.
Мектебімізде 1 - 11 сынып оқушылары үшін бой көтерген әсем шырша жанында мерекелік шара өтіп, бүлдіршіндеріміз бен оқушылардың қуанышында шек болмады.
Әсем ән, көңілді би, ертегі кейіпкерлері осы думанды кеште мерекенің сәнін кіргізіп, Аяз ата мен Ақшақар да ортада жаңа жылдық жылы лебіздерімен бөлісті. Жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріліп, оқушылар ерекше көңіл күймен Жылан жылын қарсы алды.