Отбасы - кіші мектеп штабы
Ата - аналар академиясы
Біртұтас тәрбие - ұлттық құндылық:заң және тәртіп
Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі

МОДЕРАТОР: Мектеп - лицей директоры - Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы
”Біз емес, кім?», « Бүгін емес, қашан?» - Қаратайұлы Шакизат 
“Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы. ”Бала тәрбиесіне - жаңаша көзқарас» - Жақсылық Бақытжан Сапарғалиұлы, Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері ”Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасы» - Бабаомарова Гүлдана Ергешбайқызы, Облыстық психологиялық орталығының «Психологиялық көмек» бөлімінің маманы 
Заң және тәртіп - құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде - Әшірбек Сағыдат Ювеналды полиция инспекторы, полиция лейтененты.
Жиналыс барысында сала мамандары отбасы құндылықтары, психологиялық жағымды ахуалдар, ұлттық құндылығымыздың қадірі мен қасиеттері туралы жұмыстар көрсетілді.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі тәрізді, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдің әрбір сәтінде ешбір күшпен салыстыруға болмайды. Ал бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел сенетін азамат болып шығуы үшін бабалар құндылықтарын бойларына дарытып тәрбие беруіміз қажет.
Тәжірбие алаңында ата - аналар балаларының “білім көрсеткішінің жәрмеңкесімен” танысты.