Бүгінгі таңда барлық білім ұйымдарының асханасында оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылып, жұмыстары қарқынды жүйеленіп келеді. Асхана тамақ беру орындарының санитарлық талапқа сай болуы, балаларға берілетін астың құнарлығы мен сапасы, ас бөлмесінің тазалығы, тамақтану уақытының тиімділігі ескеріліп, назарда жіті бақылауда.
Ы. Алтынсарин атындағы 10 мектеп - лицей асханасының талапқа сай жұмыс жасауын қадағалау үшін қамқоршылық кеңес мүшелері мен белсерді ата - аналар зерделеу мақсатында мектеп асханасына бас сұқты. Мұнда күнделікті 935 бала тамақтанса, тамақтану жүйесі “Foodcard” арқылы жүргізіліп, ата - аналар жүйе арқылы баланың тамақтану уақытын, ас мәзірін бақылау мүмкіндігіне ие.
Негізгі бақылауға алынған шаралар:
Асхананың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болуы;
Тамақ өнімдерінің сапасы;
Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі;
Рұқсат етілмеген тауарлардың сатылымда болмауы;
Ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай күйі;
Жеткізілген азық - түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі.
Зерделеу барысында жоғарыдағы көрсетілген талаптар өз уақытында дұрыс орындалып жатқанына көз жеткізіп, мектеп асханасында қызмет жасайтын мамандарға алғыс білдірілді.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/206-mektep-askhanasynda-y-ba-ylau-ata-analar-men-am-orshyly-ke-esti-birlesken-zh-mysy.html#sigFreeIdf881b91e6c






