24 қаңтар күні Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейіндегі «GREEN WORID» кіші мектебінің «GREEN ROOM» халықаралық жобасы аясында ENGLAND мемлекетінің «UNIVERSITY OF READING» университеті және “ҚОРҚЫТ - АТА”атындағы Қызылорда университетімен «CLIMATE AMBASSADOR» және «GREEN ROOM»халықаралық жобасының келісімі жасалды.
Келісімнің мақсаты:
Биология пәнін оқытуда креативті идеялар арқылы оқушылардың ғылыми - зерттеушілік қабілеттерін арттыру.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыстарды тиімді ұйымдастыру.
Мектеп асханасындағы тамақ қалдықтары мен мектеп ауласындағы күзгі жапырақ қалдықтарын пайдалана отырып, органикалық тыңайтқышқа бай биогумсты өндіру.
Жоба аясында оқушыларға кәсіпкерлік және бизнес бастау жолдарын меңгерту.
«CLIMATE AMBASSADOR» және «GREEN ROOM» халықаралық жобасы аясында білім алушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру.
Жоба аясында қала мектептерінің жаратылыстану пәндерімен тәжірибе алмасу, форумдар мен практикум курстарын өткізу;
«CLIMATE AMBASSADOR»бағдарламасының жетекшісі Джо Анна Рид Джонсон ханым және мектебіміздің білікті, тәжірибелі ұстазы Абилова Бағила Базарбайқызы өзара тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ жұмыс жасауға келісімге келді. Мектеп – лицей директоры Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы екі жобаның жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне халықаралық деңгейдегі ғылыми жоба, авторлық бағдарламалар, оқу - әдістемелік нұсқаулық көмек құралдарын шығаруға көптеген мүмкіншіліктер туғызатындығын атап өтіп, ғылыми - зерттеу тәжірибелік алаңы жұмыстарының жандануы сәттілік тіледі
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/207-khaly-araly-t-zhiribelik-ala.html#sigFreeIdd8314852d0






