Отбасы кіші мектебі
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
”Ата - ана жұмысындағы 1 күн» жобасы аясында «жұмысшы мамандықтар» жылы, өнеркәсіп орнына саяхат 
«Біртұтас - тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Отбасы кіші мектеп штабы:«Ата - ана жұмысындағы 1 күн» жобасы басшылыққа алынып,  Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушылары - «Orda Glass Ltd» ЖШС өндіріс орынына саяхат жасады.
Өндіріс орнына саяхат жасаудың негізгі мақсаты:
«Orda Glass Ltd» ЖШС өндіріс орынының жұмысымен танысу, мамандармен жүздесіп өндірістегі дайын шикізат өнімдерінің жасалу жолдарымен, техника - құрылғыларымен танысу; 
2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” орай білім алушыларға кәсіби - бағдарлы кеңестер беру, жұмысшы мамандықтарына шақыру; 
«Ата - ана жұмысындағы 1 күн» жобасы негізінде білім алушыларға таныстырылым жасап, саяхаттау арқылы өндірістік жұмыстардың жүйесін меңгерту;
Өндіріске бағытталған сапарды - «Orda Glass Ltd» ЖШС өндіріс бөлімі басшысы Ван Даошен мен орынбасары Ғалымжан Қуатов жүргізіп, өндіріс орынындағы жұмыс процестерін, қызметкерлердің міндеттерін, қауіпсіздік ережелерін, техникалардың қандай бағытта қызмет атқарытыны жөнінде таныстырып өтті.  Шыны өнеркәсібінің сұранысы жоғары болуымен қатар Орта Азия елдерінде ондықтың сапында қарқынды дамып келе жатқандығын алға тартты. Әр құрылғының атқаратын қызметі, уақыты, жүйесі, қуаттық өлшемдері, қаптамалар мен сұрыптаудан өткізілуі, сақталу мерзімі, сапасы туралы ақпараттар берілді. 9 сыныпта білім алып жүрген оқушы Б. Болат өзінің ата - анасының жұмыс орнында сыныптастарымен бірге аталмыш саланың жұмысына тәнті болды. Ата - ана Е. Сұлтан жұмыстағы қызметін көрсете жүріп, кәсіби мамандықтың маңыздылығы, қызығы мен қиыншылығы жөнінде ой - бөлісті. Нәтижесінде оқушылар саяхаттан алған әсерлерін алға тартып, бөлім басшысы мен қызметкерлеріне зор алғыстарын білдірді.