“Пед старт - кәсіби бағдар” кіші мектебі
“Кәсіби бағдар - маңызды қадам” жобасы аясында
Жоба аясындағы “Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс” және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының “2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы” үндеуіне байланысты “ORDA CLASS LTD” ЖШС өндіріс орынына мектебіміздің 9 сынып оқушылары және М. Саламатов атындағы қызмет және сервис колледжінің оқытушы мамандарымен шолу жасалды.
Жобаның мақсаты:
“ORDA CLASS LTD” ЖШС өндіріс орындарының жұмысымен;
Мамандармен жүздесіп өндірістегі дайын шикізат өнімдерінің жасалу жолдарымен;
Техника құрылғыларымен оқушыларды таныстыру.
Бөлім басшысы Ван Даошен мен орынбасары Ғалымжан Қуатов түсіндірме жұмыстарын жасады. Өндіріс орынындағы жұмыс барысын, қызметкерлердің міндеттерін, қауіпсіздік ережелерін, техникалардың қандай бағытта қызмет атқаратындығы жөнінде таныстырып өтті.
Завод жұмысының айта кетер артықшылықтар мен жетістіктері:
1500 - 1600С шыны ерітіліп жасалынады;
пеш үздіксіз қосулы тұрады;
Орта Азия елдері бойынша шыны заводының 9 нүктесі жұмыс жасап отыр (оның бірі өзіміздің қаламызда орналсқан)
Отандық өнім өзіміздің қалалардың 70 - 80% қамтып отыр;
Заводта арнайы отандық өнім “Джанбо” шынысы даярланады;
Мектеп - лицей басшысы Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы бүгінгі “ORDA CLASS LTD” мекемесінің жұмыс барысымен таныса отырып, білім алушылар үшін өте тың ақпараттар берілгенін алға тартты.
Завод басшыларына өз ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
https://kyzylorda-10mektep.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/210-adal-e-bek-adal-tabys-orda-class-ltd-mekemesine-tanymdy-ekskursiya.html#sigFreeIde831b0fce5






