Қала көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын - алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың I оқу тоқсанының жоспарына сәйкес 30 қаңтар - 2 ақпан аралығында "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс - шарасы өткізіліп жатыр.  Түнгі рейд жұмыстарына ата - аналар комитетінің төрайымы Ж. Молдабаева атсалысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылардың беймезгіл уақытта сыртта ата - анасы немесе жауапты адамсыз жүруі қауіпті екендігі, қоғамдық орындарда шектеулі уақыт аралығында болмауы жіті бақылауда. Ақпараттар уақытылы беріліп отырылады.