“Green world” кіші мектебі 
“Green room” жобасы аясында
Ботаникалық баққа саяхат
4 ақпан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ботаникалық бағының директоры Қосанов Самалбек Оразбайұлы мен Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейдің «Green Room» жобасы оқушыларына экологиялық білім беру мен жас ұрпаққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеуге бағытталған танымдық экскурсия сабағы ұйымдастырылды. Ботаникалық бақ - аймақтағы ең ірі жасыл аймақтардың бірі болып табылады. Бұл бақ тек қаланың көркін аттырып қана қоймай, тәжірибелік сабақтарын өткізуге арналған маңызды база ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар жобаға қатысушы оқушылар ясин ағашының тұқымын жинап, биогумус топырағымен қоса отырып, шариктер дайындап, мектеп ауласына шашты. Бұл көрініс оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті. Мектеп оқушылары өсімдіктер әлемімен танысып, өсімдіктерді күтіп - баптау әдістерін үйренді.
Бақ университет базасында болғандықтан, мектептер мен ЖОО арасындағы сабақтастық нығайып келеді. Оқушылар мектеп қабырғасында жүріп - ақ университет ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істей алады.
Бұл байланыс мектеп оқушыларының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.